Онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға бір реттік жәрдемақы беріледі. Төлемнің мөлшері 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Аталмышты көмекті алу үшін қандай құжаттар қажет?
Павлодар облысында диспансерлік есепте онкологияға шалдыққан 12 мыңнан астам науқас тұр. Өткен жылы 2392 адам тіркеліпті. Қала бойынша 2022 жылы 4792 науқасқа бір реттік жәрдемақы төленді. Бұған 152 млн 576 мың теңге жұмсалған. Енді жыл басталғалы 1000-ға жуық адам көмек алуға құжат тапсырды.
Назкен Ақаева, қалалық әлеуметтік төлемдер секторының меңгерушісі:
Бұл сырқатқа шалдыққан адамдарға 10 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем беріледі. Бұл шамамен 34500 теңге. Өтініш беру үшін диагнозды растайтын онкологиялық диспансерден анықтама, жиырма таңбалы шот туралы банктен хабарлама және жеке куәлік болуы қажет. Жыл сайын айлық есептік көрсеткіш артқан сайын, берілетін төлем мөлшері де көтеріледі.
Қала тұрғындары құжаттарды Кривенко көшесі 25, Оупен Павлодар кеңсесі, №3 үстелге келіп тапсыра алады. Қосымша ақпаратты 32-03-83 немесе 32-57-80 байланыс номері арқылы алуға болады.
Ақмаржан Қалымбек