Павлодар қаласында колледждердің бірінде «Алаш кабинеті» ашылды. Онда студенттер алашордалықтардың өмірімен, шығармашылығымен, өңірдің тарихымен таныса алады. Толығырақ тілші сюжетінде.
«Алаш кабинеті» ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Павлодар қаласындағы жоғары электроника және коммуникация колледжінің 45 жылдығына орай ашылды. Кабинеттің өскелең ұрпақ үшін маңыздылығы жоғары, себебі тарихпен терең танысады, алаштықтардың сіз бен біз үшін жасаған ерлігін біліп жүреді.
Айтмұхамбет Тұрышев, филология ғылымдарының докторы
Бүкіл елдің қадірін ойлап, ертеңгі күні қуғын сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты ойластырып, мындадай кабинет ашу, тарих жинау ел үшін үлкен құрмет. Әлихан айтқан ғой, қазаққа қызмет ету мінезден. Сондықтан ең алдымен тәрбие, мінез ғой. Әйтпесе Әлихан Бөкейханов қолданбайды ғой бұл сөзді.
Алаш кабинетінде алашордалықтардың шығармалары, Ертіс Баян өңірінің тарихы, Мәшхүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы мен осы білім ошағының тарихына арналған сөрелер қойылды. Яғни колледждің кез келген студенті келіп, қызығушылық танытып, кітаптармен танысып, оқи алады.
Бауыржан Жылқыбаев, жоғары электроника және коммуникация колледжінің мұғалімі
Бұл кабинеттің ішінде ертеңгі күні үлкен үлкен жұмыстар атқарылады. Ғылыми жобалар жазылады. Колледж басшысының тікелей басқаруымен ашылып отыр. Колледж әкімшілігі, мұғалімдері өздерінің үлестерін қосты. Бас демеушіміз Центр Кредит банкі.
Болашақта бұл кабинетте ғылыми жобалар зерттеліп, жазылып, өлкетану бағыты бойынша жұмыстар қолға алынбақ.
Самал Қалиқызы