Жыл басынан бері Павлодар қаласында 400-ге жуық адам құтырмаға қарсы екпе алған. Олардың бәрін иесіз және иесі белгілі жануарлар қауып алған. Жалпы құтырманы қалай емдеуге болады? Тілшіміз айтсын.

Құтырма немесе құтыру – аса қауіпті вирустық дерт. Көбінесе құтырумен ит, қарсақ, мысық, түлкі, ірі қара мал, ұсақ қара мал ауырады. Адамнан адамға жұқпайды.

Баян Сартай, Павлодар қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы

Қазіргі уақытта медициналық көмекке 388 адам жүгінді. Олардың ішінде адамдарды иесіз және иелері бар жануарлар тістеп, тырнап алған. Бұл жер ең тиімті әдіс, вакцинация. Себебі құтырманы емдеудің қандай бір тәсілі жоқ. Уақытылы медициналық көмекке жүгінсеңіх, кесте бойынша 5 рет вакцина салынады.

Осы ретте санитарлық дәрігерлер жануралардың тістеп, тырнап алу жағдайында бірден дәрігерге жүгінуге шақырады.

Самал Қалиқызы