Железинка ауылы маңында орын алған ұшақ апатынан кейін жарақат алған экипаж мүшесіне дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Оның қазіргі жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Еске салайық, Павлодар облысында АН-2 жеңіл көпмақсатты ұшағы апатқа ұшырады. Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе кемесі әуехимиялық жұмыстарды орындау барысында апатқа тап болған. Ұшақ бортында екі экипаж мүшесі болған. Оқиға салдарынан олардың бірі қаза тауып, екіншісі ауыр жағдайда Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілген еді.Дәрігерлердің айтуынша, науқас жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп жоқ. Мамандар толыққанды ем шаралары жүргізіліп жатқанын айтады.

Дархан Мүсилманов, ШЖҚ «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК бөлім меңгерушісі

Пациент 1998 жылғы. 27 күні жансақтау бөліміне жеткізілді. Біріншілік кезінде ауыр жағдайда болды. Қазіргі таңда, жағдайы бір қалыпты, барлық жағынан толық қанды ем шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ электр беру желісне соғылған.Тергеу амалдары жалғасуда.

Дильназ Қуанышбекызы