Павлодарда 2025 жылдың қорытындысы бойынша үздік спортшыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында олимпиадалық, олимпиадалық емес, паралимпиадалық және ұлттық спорт түрлерінің үздіктері, сондай-ақ медицина қызметкерлері арасындағы кешенді спартакиада жеңімпаздары мен спорт тақырыбын белсенді насихаттап жүрген БАҚ өкілдері марапатталды.

Тәнді ғана емес жанды да шыңдайын спорт. Соны көпке үлгі етіп, .лгі етіп қана қйомай, щебер атанған спортшылар құрметтелді.

Павлодарлық спортшылардың даңқы әлемге белгілі. Күллі әлемнің шеберлері бас қосқа сайыстарда биіктерден көрініп жүр.

Роман Иванов, фристайл акробатикадан азия чемпионы

11 жылдан беріс фристайл акробатика спортымен айналысамын. Азия ойындарының эеңімпазымын. Олимпиада ойындарына қатысқанмын. Біздің Қазақстан құрамасы әлем бойынша үздік он команданың қатарына енді десять 01.05

Мықты споршының артында білікті бапкердің тынымсыз еңбегі жатыр. Шынайы құрметтен олар да шет қалған жоқ.

Екатерина Свиридова, батутты гимнастика бапкері

2009 жылдан бері бапркемін. Шәкіртттерім көптеген белестерді бағындырды. Әдем Кубогында, өзгеде әлемдік біріншіліктерде орын иеленді. Азия деңгейінде де жүлделі тұғырдлан көріндік. Қазір қыркүйек айында Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайныдалып жатырмыз.

Жиын кезінде өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жалғасып жатқаны айтылды. 2025 жылы қалада 10 шағын футбол алаңы, 11 стритбол алаңы орнатылған. Кенжекөл ауылындағы «Сұңқар» спорт клубына күрделі жөндеу жүргізіліп, бірқатар көше және аула алаңдары жаңартылған. Ал 2026 жылға 80 тренажер кешенін, 40 street workout алаңын, 10 шахмат үстелін, 30 стритбол және 10 шағын футбол алаңын орнату жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Шарбақты көпірі маңында ипподром ашу және орталық стадионды күрделі жөндеуден өткізу көзделген.