Аудандардың басым бөлігінде қар тазаланбай жатыр. Ақ ұлпаның түсуі нормадан асып кеткен. Бұл туралы аппарат жиынында төтенше жағдай департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев баяндады. Сол себепті су тасқыны қаупі бар.

Өңірдің бас құтқарушысы шалғайдағы ауылдарда тазаланбай жатқан қарға байланысты алаңдаушылық білдірді. Мәселен, Железин, Баянауыл, Павлодар, Ертіс, Успен, Шарбақты және Тереңкөл аудандарында қардың түсуі нормадан асып кеткеніне қарамастан, қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.

Жасұлан Жұмашев, ТЖД бастығы:

Қар жамылғысының жоғары көрсеткіштері байқалады. 14 см құрайды. Жауын-шашын мөлшері нормадан 25 пайызға артық. Жер тонының қатуы өткен жылмен салыстырғанда 38 пайызға артық. Төтенше жағдайлар департаменті Ақтоғай, Баянауыл, Тереңкөл, Шарбақты, Аққулы, Май аудандарына және Екібастұз қаласында тексеру нәтижесінде аудан орталықтарын қоспағанда барлық шалғай елдімекедерде қарды жинау және шығрау тиісті деңгейде жүргізілмейтіні немесе мүлдем жүргізілмейтіні анықталды.

Жасұлан Жұмашевтың сөзінше, тіпті жауапты мамандар аудандағы бар техниканы қолданбай жатқан көрінеді.

Жасұлан Жұмашев, ТЖД бастығы:

Баянауыл ауданындағы броннан шығарылған бульдозер ешқандай жұмыс түрлеріне тартылмайды. Ақтоғай және Баянауыл ауданының әкімдіктеріне техниканы жылытылатын бокстарға орналастыру мәселесін шешіп, лдан әрі қарды жинау үшін іске қосу қажет.

Май ауданы Көктөбе ауылында көшелердің бірінде әлі күнге дейін су бұру құбырлары орнатылмаған, ал Павлодар ауданына қарасты Рождественка ауылында жұмыстар аяқталған жоқ.

Жасұлан Жұмашев, ТЖД бастығы:

Рожественка ауылында алты құбыр салу керек. Басқа проблема жоқ. Басқа ештеме жоқ.

Өңір басшысы Павлодар ауданының жаңа әкімі Николай Дычкоға Рождественкадағы жағдайды зерттеп, өткен жылдың қателігін қайталамас үшін қазірден іске кірісуді тапсырды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Екіншіден Кентүбек ауылындағы қауіп бойынша және де Ертіс арнасының су арнасын тазалау бойынша іс-қимыл шараларын пысықтау керек. Қоршаған орта басшысымен бірге. Телефондарыңыз бар ғой. Ол үшін менен тапсырма болу қажеті шоқ шығар.

Биыл Ақсу, Кенжекөл және Ленинск ауылында қорғаныш үйіндісін нығайтып, сондай-ақ Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылының жанындағы Сілеті өзенінің арнасын жұмыстары жоспарланып отыр.

Қаршыға Арынов, Ақтоғай ауданының әкімі:

Ауданның 31 елдімекенінің 4 ауылы су басу қаупіне ұшырайды. Оның ішінде Жолболды ауылдық округінің Шұға және Шілікті ауылдары, Жалаулы ауылы.

Облыс әкімі Асайын Байханов барлық қала мен аудан әкімдерінен қар шығару жұмыстарын дереу бастауды талап етті. Сонымен қатар, өңір басшысы ТЖД су тасқыны кезеңінің басына барлық қолда бар резервтерді дайындауды жүктеді.

Аяулым Рахымжанова