Облыста қазіргі уақытта 381 мектепке дейінгі білім мен тәрбие беретін ұйым бар. Оның 368-і мемлекеттік, 13-і жеке меншік мекеме. Ал, соңғы жылдары осы салада кадр тапшылығы байқалуда.

Облыстағы барлық мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне 34 185 бала барады. 185 балабақша мен 223 шағын орталық бір уақытта осынша баланы мектепке дайындауға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар мектептердің ішіндегі 378 мектепалды даярлық сыныбы тағы бар.

Төрт мың бір жүз он жеті педагогтың үш мыңға жуғы тәрбиеші, өзгелері әдіскерлер мен өзге де педагогтар.

Қазіргі уақытта өңірдің мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде кадр тапшылығы бар. Әсіресе Екібастұз, Павлодар қалаларында байқалады.

Жұмысқа орналасу конкрустық негізде өтеді. Бос жұмыс орындарына үміткер мамандардың тестілеуден өткендігі туралы сертификаты, біліктілік санатының бар болуы қажет. Жаңа жылдан кейін тәрбиешілердің айлығы 30 пайызға өскендіктен, жұмысқа тұрушылар саны артады деп күтіліп отыр.

Жанасыл Серікбол