Павлодар қаласында «Менің елім – менің тілім» атты республикалық жобасы аясында «Сөйле» тілдесу үйірмесі жұмысын бастады. Орталыққа қазақ тілін үйренуге ниет білдірген әр азамат келе алады. Олардың ең мықты ұстаздардан білім алуына мүмкіндік бар.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте. «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы 2021 жылы құрылған. Қоғамда қазақ тілін үйренуге ынталы халықтың саны артқан. Еліміздің 12 қаласында бастау алған «Сөйле» үйірмесі Павлодар қаласында «спикнг клаб» форматында алғашқы жұмысын бастады. Жоба ұйымдастырушылары үйірмеге келушілер тек тіл үйреніп қана қоймай, қазақтың тарихын, мәдениеті мен әдебиетін танып білуі үшін жұмыс жасаймыз деп бөлісті.

Яков Федоров, «Менің елім – менің тілім» Республикалық қозғалысының бастаушысы:

Мысалы мен бүгін Жүсіпбек Аймауытов басшысымен кездестім. Біздің мүшелеріміз олардың көмегімен бірге театрға барады. Тек қана тіл емес әдебиетті де біледі. Өйткені қазақ тілі қазақ халқының жанының кілті екен. Осы кілтті табу үшін біз мәднениетті де білуіміз екере.

«Сөйле» үйірмесінде тілді жетік меңгеруі үшін әр түрлі әдіс тәсілдер қолданылады. Қатысушыларға Павлодардың ең мықты тренерлері сабақ береді. Ұйымдастырушылар тілді үйренуге адамның өзі жүрген ортасы да көп әсерін тигізеді дейді.

Яков Федоров, «Менің елім – менің тілім» Республикалық қозғалысының бастаушысы:

Мен шынымды айтсам мектеп кезінде қазақ тілін білмедім. Өзім Семейденмін. Бірақ 90-шы жылдары мұғалімдер жетпеді қаламызда. Сосын мен ҚҰУ-де оқыдым және жатаханада бүкіл достарым қазақ тілді болды. Маған көмектесті, әр түрлң шараларға қатыстым. Осындай іс шаралар ортаны жасайды және тіл үйренуге көмектеседі. Қазірде достарыммен қазақ тілінде сөйлеймін.

Үйірмеге қатысушылардың жас аралығында шектеу жоқ. Барлық жұмыстар тегін жүргізіледі.

Мөлдір Сағидолла