Павлодарда жылдың екінші жартысынан бастап тарифтер өседі. Бұл ретте тұрғындардың экономикалық-әлеуметтік жағдайы ескерілетін болады. Ал, комуналдық төлемдер желілер мен жабдықтарға инвестиция болып құйылады. Бұл бағыттағы ашықтық қалай қамтамасыз етілмек?

Тарифтерді өсіру 2023-жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр. Бұл ретте халықтың төлем мүмкіндігі, әлеуметтік әлсіз топтардың мүддесі қатаң ескеріледі. Коммуналдық төлемдерді инвестицияға айналдыру мәселесі Президент жолдауын да көтерілген еді. Осылайша, желілер мен жабдықтардың тозу деңгейін төмендету көзделген.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының «табиғи монополиялар туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ондап нақты үш бағыт бойынша тарифтік саЯсатты іске асыру көзделген. Бірінші желілер мен жабдықтарды жөндеуге арналған инвестицияны ұлғайту. Екінші осы салал қызметкерлерінің жалақсын арттыру. Сала мамандарының еңбекақысын өңірдің орташа өмір сүру деңгейінде ұстау көзделген. Үшіншіден иесіз қалған желілерді табиғи монополиялар субъектісіне қабылдау арқылы инвестицияны ұлғайту.

Ибрагим Тангиев, табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

Бұл бағыттағы жұмыс Павлодар облысының энергетика және ТКШ басқармасымен, сондай-ақ қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп іске асатын болады. Желілердің неғұрлым тозған учаскелері анықталады. Сондай-ақ иесіз желілерді монополистерге сенімгерлік басқару үлгісі арқылы беру мәселесін пысықталады.

Қазіргі уақытта облыста желілердің тозу деңгейі орташа есеппен 68 пайыз. Ал, жылу желерінің 76 пайызы әсіресе Павлодар мен Екібастұз қалаларында тозығы жеткен.

Ибрагим Тангиев, табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

Электр желілерінің 55 пайызы, су құбырының 64 пайызы тозған. Осылайша 2023 жылдан 2026-жылға дейін желілерді жаңартуға 39 млрд теңге бөлінді.

Десе де, бұл соманы алдағы жылдары 68 млрдқа жеткізу көзделіп отыр. Ең алдымен жылу мен энергиялық желілер жаңартылмақ.

Жанасыл Серікбол