Елімізде мал дәрігері жетіспейді. Ауыл шаруашылығы саласында 500 маман тапшы. Бұл салада ең төменгі жалақыны ветеринарлар алып отыр. Сол себепті биыл олардың еңбекақысы 35-50 пайызға өседі.

Ертіс өңірінің ауылдық аймақтарында барлығы 476 мал дәрігері жұмыс істейді. Маман тапшылығы бар. Бірақ өткен жылға қарағанда біршама қысқарды дейді жауапты басқарма өкілдері. Жиыны сегіз ветеринар қажет. Ақсу қаласы мен Шарбақты, Аққулы аудандарында орын босап тұр. Салдарынан екі-үш округқа бір мал дәрігері қызмет көрсетеді.

Асылтас Тілеубаев, ветеринария басқармасы басшысының м.а.:

Жалпы айтқанда кадрмен қамтамасыз етуде сұрақтар жоқ. Былтыр еңбекақыға 35-50 пайызға көтерілді. Енді бірінші, екінші патогенді қауіпті аурулармен жұмыс істейтін мамандарға тағы еңбекақы қосу жоспарымызда бар.

Саладағы өткір проблеманың бірі – вакцинациялау. Былтыр оңтүстік-шығыс аймақтардағы малдар ғана егілсе, биыл бүкіл өңір қамтылады. 23 аса қауіпті ауруға қарсы вакцина республикалық бюджеттен сатып алынады. Мемлекет сатып алған екпе қарапайым халыққа да, шаруа қожалықтарына да тегін.

Асылтас Тілеубаев, ветеринария басқармасы басшысының м.а.:

Жылдық жоспарымыз бекітіледі. Сол жоспарға сәйкес бізге мемлекеттен 13 аса қауіпті ауруларға егу, емдеу жұмыстарын жүргіземіз. 9 млн-дай вакцина келеді. Аса қауіпті аурулар: сібір жарасы, құтыру, қарасаң. Жыл сайын профилактикалық егу жұмыстарын жүргіземіз.

Бұл үшін биыл ветеринария басқармасына 2 млрд 400 млн қаржы бөлінген.

Аяулым Рахымжанова