Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының мамандары оқушылармен кездесті. Әскери салаға қызығушылық танытқан түлектерді оқуға шақырды.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Орта Азия республикалары арасында офицер-инженерлерді дайындайтын бірегей әскери оқу орны. Беделді оқу орнына түсу жолын арнайы мамандар егжей-тегжейлі түсіндірді.

Мирас Калиуллин, радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бөлім бастығы:

Осы Павлодар қаласы мен облысының үгіт-насихат жасау үшін, біздің институтқа қалай тусу үшін үгіт насихатқа келіп тұрмыз. Бітіргеннен кейін ең бірінші Қорғаныс министрлігінде тағайындалады. Одан кейін, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне бізден барады. Байланыс бар жерге керек.

Мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуден кем деген де 50 ұпай жинауы тиіс. Арнайы пәндерден 7 ұпайдан төмен болмауы қажет. Болашақ курсанттар кәсіби психологиялық іріктеу, әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу, медициналық куәландыру, дене дайындығын тексеру, конкурстық іріктеу және қабылдау жүйелерінен өтеді.

Нұртілек Камесхан, №25 ЖОББМ 10-сынып оқушысы:

Мен үшін елімізге қызмет ету, елімізді қорғау шекарасының беріктігіне өз үлесімізді қосу үлкен абырой. Сонымен қатар, осы байланыс аясында жұмыс жасау ол шекарадағы қару ұстап жүрген батырлармен бірдей еңбек деп түсінеміз. Себебі, олардың мойнында да үлкен жауапкершілік тұр.

Оқу барысында курсанттар белгіленген нормалар бойынша тегін тамақпен, медициналық қызмет көрсетумен, заттай мүлікпен және қаражатпен қамтамасыз етіледі. Бұндай үгіт-насихат жұмыстары енді облыстың аудан, ауылдарында жүргізілмек.

Мөлдір Сағидолла