Өңірде уақытылы еңбек ақысын төлемеген кәсіпорындарға қатысы 5 арыз түскен. Еңбек міндеттемесін орындамаған жұмыс берушіге қандай жаза қолданылады? Құзырлы орган өкілдері жауап берді.

Бастапқыда қызметкер жергілікті еңбек басқармасына шағым түсірмес бұрын, еңбекақы төленбеуі жайында нақты дәлел келтіруі тиіс. Еңбек шарты немесе жалақы туралы анықтама болуы шарт. Егер жұмыс беруші жалақыны бір күнге кешіктірсе әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұл сомасы 103 мың теңгеден басталады.

Асқар Қапанов, еңбек басқармасының басшысы:

Кодексте өсімпұл қарастырылған. Бірақ бұл өсімпұл Ұлттық Банктің қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Салық берешегі бойынша өсім ретінде де қарастырылған. Сомалар өте аз. Қызметкер оларды түбегейлі талап ете алады.

Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес жалақы келесі айдың 10-нына дейін төленуі тиіс. Жауапсыз жұмыс беруші қылмыстық жауапкершілік де тартылуы мүмкін, дейді заңгерлер.

Марина Иванова, медиатор:

Қылмыстық кодекстің 152-бабының үшінші бөлігіне сәйкес жалақыны бірнеше рет кешіктіргені үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Қазір бұл 690 мың теңге. Немесе түзету жұмыстарына тартылады.

Қызметкерлерге жалақысын уақытында төлемеген жұмыс беруші 50 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Былтыр 21-мың қызметкерге жалпы сомасы 5 миллиард теңгеден астам жалақы кешіктіріліп берілген. Бұл тек мемлекеттік еңбек инспекторлары анықтаған жағдай.

Әйгерім Тоқпанқызы, Евгения Мягченко