Қаламыздағы №41 мектепте «Әкем, анам, мен – спортқа жақын отбасы» атты отбасылық эстафета жарысы өтті. Бұл отбасылық құндылықтарды нығайтуға, физикалық шыңдалуға мүмкіндік береді.

«Әкем, анам, мен – спортқа жақын отбасы» сайысы Павлодар қаласындағы №41 мектепте өтті. Оған оқушылар ата-аналарымен қатысты.

Антон Поповский, қатысушы

Маған осындай жарыстар өте қатты ұнайды. Біз отбасымызбен қатысып жатырмыз. Бұл физикалық тұрғыда шыңдайды, керемет көңіл күй сыйлайды. Мен бұл мектепте екі ұлым оқиды. Сондықтан біз анасы екеуміз осындай шараларға қатысқанды құптаймыз, жиі қатысамыз.

Жалпы жарыста 5 команда бақтарын сынады. Олар жүгіріп, доп лақтырып, бірнеше эстафетадан өтті. Айта кетейік, шараны «Ауған соғысы» ардагерлері қоғамдық қоры қолға алды.

Байғабыл Майкотов, Павлодар облыстық «Ауған соғысы ардагерлері» ҚҚ директоры

Бұл шараны біз алғаш рет өткізіп отырмыз. «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық қоры 1 маусым балаларды қорғау күні аясында осындай жарысты қолға алды. Отбасы құндылығы әркез қоғам үшін, ел үшін маңызды. Сондықтан отбасындағы байланысты нығайту керекпіз.

Қатысушыларға алғыс хаттар, спорттық инвентарьлар сыйға тартылды.

Самал Қалиқызы