Биыл Железин ауданында дала жұмыстары бір аптаға ерте басталды. Егістік жұмыстары маусымның басында толық аяқталады деп жоспарланып отыр. Облыс әкімі Железин ауданына жұмыс сапарымен барды. Толығырақ тілші сюжетінде.

Биыл Железин ауданында дала жұмыстары бір аптаға ерте басталды. Егістік жұмыстары маусымның басында толық аяқталады деп жоспарланып отыр. ОБлыс әкімі Железин ауданына жұмыс сапарымен барды. Толығырақ тілші сюжетінде.


Железин ауданында егіс алқабы биыл 211 987 гектарды құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 3200 гектарға артқан. Дәнді дақылдар 90200 гектар, 2025 жылы 120 мың егілген, 30 мыңға азайды. Есесіне осы жылы ауданда майлы дақылдар 99630 гектарға жетті. Өткен жылы күнбағыс салмағандар, биыл салып отыр деді аудан басшысы.

Жалпы тұқым көлемі 24102 тонна, егістік жұмыстарының 70 пайызы аяқталыпты. Маусымның 5-іне таман дала жұмыстары толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Өткен жылы Железин ауданында егін бітік шықты. Рекордтық көрсеткіш қойылды. Орта есеппен 22 центнерден өнім алынды. Соның арқасында жыл басынан 13 комбайн, 42 трактор жаңартылды.

Ерлан Тоқтушанов, ШҚ өкілі

Өткен жыл бойынша айтсақ, былтыр Енисей, Нива комбайндары болса, биыл мемлекеттік қолдау аясында бәрін жаңарттық. Сонымен қатар, егу техникасын алдық. Қаңтар айында жанар жағармай, тыңайтқыштарды, қосымша құрал жабдықтарды сатып алуға кірістік. Бұл жұмыс жасауға, егістік жұмыстарын ерте аяқтауға мүмкіндік беріп отыр. Бидайдың 4165, күнбағыстың 4000 егілді.

Шаруа қожалығы кооперация арқылы биыл май зауытын іске қоспақ. Қазір екі контейнер шекарада тұрып қалғандықтан, кәсіпорынды іске қосу кейінге қалып отыр. Жұмыс сапары аясында облысы әкімі Железин ауданының шаруаларымен де кездесті. Ал, бұл электрмагниттік өріс арқылы дән мен тұқымдарға әсер ететін аппарат. «Әділхан» ШҚ иесі Әсет Айткенов облыс басшысына жұмыс істеу барысын түсіндірді.

Бұдан бөлек, аймақ басшысына жол жөндеу жұмыстарының барысы таныстырылды.

Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі

Биыл екі кіреберіс жол жоспарланған 2,3 шақырланған. Екінші жоба 530 м. Маусым айының срңына дейін бітеді.

Одан басқа ауданда биыл Железин ауданының орталығында 7 көшеге асфальт төселеді. Уәлихан ауылында 4 көше жөнделеді. Соңғы үш жылда ауданда 15 ауылдың кіреберіс жолы жаңартылған.

Самал Қалиқызы