Сонымен қатар, аймақ басшысы Асайын Байханов жұмыс сапары аясында Тереңкөл ауданына да барды. Онда шаруалармен кездесіп, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарды аралады.
Биыл Тереңкөл ауданында егістік алқабы 318 мың гектарды құрайды. Оның 143 мыңы дәнді дақылдар, 151 мың гектар майлы дақылдар. Картоп 2 мың гектар аоқапқа егіледі.
Азамат Маңғұтов, Тереңкөл ауданының әкімі
Егістік алқабын диверсефиякациялау аясында қарақұмықты 3600 ұлғайттық. Күнбағыс 10 мың гектар. Жалпы сомасы 4.9 млрд соманы құрады. Техника алып отыр.
Кең дала-2 бағдарламасы аясында ауданда осы жылы 45 өтініш мақұлданды. Бұдан бөлек, аудан шаруалары әкіммен кездесіп, қордаланған сұрақтарын ортаға тастады. Тереңкөл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс басшысы 1969 жылы салынған Текенов атындағы мектептегі жүріп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.
Жанат Билялова, Тереңкөл аудандық білім беру бөлімінің басшысы
Мектептің терезе, қабырға әктеледі. Едендері ауыстырылады. Электр желісі ауыстырылады. Сол бөлінгендерді қайтадан қалаймыз.
Бұнда 400-ден астам оқушы білім алады. Аймақ басшысы мектептегі жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін жеткізбей, ертерек аяқтауды тапсырды.
Мектепті аралау барысында әкім біраз олқылықтар анықтап, мердігер ұйымның жұмысын сынға алдынды. Терезені орнату кезінде сапалы материалдар қолдану керектігін айтты.
Мектептен шыға сала әкім жергілікті тұрғындармен кездесті.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Мен мектепті көріп шықтым. Алғыс айтуға әлі ерте. Мында көптеген мәселелер бар. Терезелер дұрыс қойылмаған, айтып кеттім, жөндейтін болады. Мектеп өте ескі. Соған қарамастан біз балаларға жағдай жасауымыз керек. 1 қыркүйеккке дейін барлық жұмыстар аяқталады деп сенеміз. Сіздердің мектептеріңіздің арқасында білім деңгейі бойынша үздік үштік қатарындамыз.
Сонымен қатар, облыс бойынша биыл ветеринарлық бағытта 88 нысан салу көзделген. Оның ішінде 3 ветеринарлық станция, 37 ветеринарлық пункт және 48 мал қорымы. Тереңкөл ауданында бұл жұмыстар жасалып жатыр.
Ауданда құрылыс дүкені кеңейтілуде. Облыс әкімі кәсіпкерлік нысанға барып, бизнес иесімен кездесті.
Самал Қалиқызы