Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде 31-мамыр аштық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Әлихан Бөкейхановты еске алу шарасы өтті. Онда ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхаммедұлының өмірі мен еңбегінен бөлек, өткен ғасырдағы халық басынан өткерген ауыр ахуалдар жөнінде де айтылды.
Зиялы қауым өкілдері мен жастар бас қосқан шарада өткен ғасырдың азалы кезеңдері жайлы ауыр естеліктер айтылды. Бүгінде осынау тарихтан сабақ алудың маңыздылығы жайлы да сөз қозғалды. Азаттыққа ұмтылған ұлт серкелерінің тағдыры оңай болған жоқ. Сол серкелердің көшбасшысы Әлихан Бөкехановтың туғанына биыл 160 жыл толды.
Айман Зейнулина, филология ғылымдарының кандидаты
Қазақтың мемлекеттігін сақтау кезеңінде көп еңбек сіңірген адам. Қуғын-сүргінге ұшырады. Сүйегі Москвадағы Дон зиратында жатыр. Қазіргі міндет қандай? Осындай ұлылардың өмірін эастарға оқытып, білдірту.
Ресми мәліметтер бойынша Павлодар облысынан 5 мыңға жуық адам өткен ғасырдың қуғын-сүргін жылдарының құрбаны болған. Олардың екі мыңға жуығы түрлі лагерьлерге қамалған. Оларды ақтау шаралары бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.