Шет тілін меңгеру – заман талабы. Павлодарда ағылшын тілінен бірінші облыстық олимпиада өтті. Оқушылар шет тілі туралы білімдерін тексеріп, сөздердің грамматикасы мен транскрипциясын қаншалықты меңгергендерін көрсетті.

«Be genius» олимпиадасына облыстың 60-тан астам оқушысы қатысты. 7 және 8 сынып оқушылары шет тілінің қыр-сырын қозғайтын бес бағытта бақ сынасты.

Әлия Нұрмағамбетова, бейінді оқыту бойынша оқу бөлімінің меңгерушісі:

Бұл олимпиаданың негізгі мақсаты - бір-бірімен, командамен креативті мәселелерді шешу, ойларын талқылау. Сонымен қатар 5 бағыттан тұратын бұл конкурс 21-ғасырда керекті дағдыларды қалыптастыруға арналған. Яғни, бұл дебат сайыстары, грамматикалық ағылшын тілін білу деңгейі, шешендік өнерді дамытатын сахналық өнер көрестеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар оқушыларға тілді меңгеру дағдыларын шыңдауға көмектеседі. Қатысушылар да бұл олимпиадаға тыңғылықты дайындалған.

Ажар Құсманова, қатысушы:

Ағылшын тілі болашақта керек деп ойлаймын. Қазір барлығы ағылшын тілінде жазылған. Керекті материалдар да, тіпті елдердің арасындағы қарым-қатынас та ағылшын тілінде жүргізілед. Сондықтан ағылшын тілі керек. Осы бесеуінен грамматикадан мықтымын деп ойлаймын. Себебі 5-ші сыныптан бастап грамматиканы көп оқимын.

Олимпиада қорытындысы бойынша ең үздік оқушыға кубок табысталды. Ұйымдастырушылар, алдағы уақытта мұндай олимпиадалар тұрақты өткізіліп тұрмақ.


Ақмаржан Қалымбек, Ермек Сапаров