Павлодар облысында жаңа жоба нәтижесінде емханаларда жүктеме азайды. Аймақ басшысы қаланың бірқатар емханаларының жұмысымен танысты. Бүгінде жаңа жүйе Павлодар, Екібастұз және Ақсудағы барлығы 8 емханада іске асырылып жатыр. Осылайша, мейірбикелік бекет пен онлайн кеңестерді енгізу учаскелік қызметтің жұмысын қайта форматтауға мүмкіндік беріп, жүктемесін 32%-ға азайтты.


Аймақ басшысы Асыйын Байханов әуелі «Алмаз Медикал Груп» медицналық мекемесіне ат басын тіреді. Қазіргі уақытта мекеме халыққа ыңғайлы болу үшін қандай жұмыстар жасауда? Тіркелу, кезекке тұру бойынша қандай мәселер бар? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алды.

Яғни, ем алушылардың алғашқы қадамы осы жерден басталады. Осы жерде тиісті жолдамалара иелік етеді. Бұнда емделушілерге күнбе-күн дәл уақытында дәрігерге жазылуға мүмкіндік бар. Бұның барлығы ақпарат немесе дәрігерге дейінгі бөлімде іске асады.

Әрмен қарай облыс әкімі қаланың номері үшінші және төртінші емханаларда болып, ондағы өзгерістер мен қызмет көрсету сапасымен танысты. Арртынша емхана басшылармен жиын өтті. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтың айтуынша аймақтың медициналық мекемелеріне 160 тан астам дәрігер жетіспейді. Ал, соңғы үш жылда диспасерлік науқастардың саны өскені байқалып отыр. Сондықтан, облыс тұрғындарын скринтен өткізу жұмыстары күшейтілген. Сонымен қатар, материалдық-техикалық базаны толықтыру қажет.

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

2022-жылы біз екі цифрлы УЗИ аппаратын сатып алдық. Оның бірі Ақсу қалалық емханасын, екіншісі номері үшінші емханаға берілді. 3 цифарлы рентген Ертіс аудандық ауруханасына, Павлодар қалалық номері бесінші емханасы мен облыстық ауруханаға берілді. Сонда да облыс емханаларында материалдық - техникалық жабдықтау жағы әлі де актуалды.

Асайын Байханов әрбір ем алушыға сапалы қызмет көрсету медицна саласының басымдығы екендігін атап өтті. Сондықтан, кадрлар тапшылығын шешу жұмыстарын жеделдеткен жөн. Әсіресе «аса қажет» мамандар тапшылығын жою керек. Сонымен қатар, емханаларды материалдық-техникалық жарақтандыруды одан әрмен жалғастыруды тапсырды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Материалдық-техникалық жабдықтауға келетін болсақ. Кейбір емханаларда қажетті құралдарды жаңарту керектігін көрдім. Және бұның кешеуілдетпей жасау керек. Бұны облыс басшылығы да жіті назарға алатын болады.

Бүгінгі таңда Павлодар, Екібастұз және Ақсу қаласындағы 8 емханаға үздік тәжірибелер орталығының жобасы енгізілген. Ол оң нәтижелерге ол жеткізуде. Аймақ басшысы бұндай тиімді жобаларды іске асыруды тоқтатпау керектігін айтты.


Жанасыл Серікбол