«АМАНАТ» партиясының Павлодар облыстық филиалында кезектен тыс 36-шы конференция өтті. Онда партияның сайлауалды бағдарламасы қаралды. Облыс мәслихатының депутаттығына кандидаттар ұсыну, сондай-ақ «АМАНАТ» партиясының кезектен тыс 25-съезіне делегаттарды сайлау мәселесі қаралды. Сондай-ақ, кандидаттар тізімінің сандық және сапалық құрамын сақтау мақсатында ашық форматта ұсыныстар тыңдалып, талқылау жүргізілді.

Партиялық тізім 70 пайызға жаңарған. Әйелдердің үлесі 30 пайыз. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 20 пайызды құрайды. Кандидаттардың орташа жасы 48. Кандидаттардың тоғыз жарым пайызы қоғам қайраткерлері, 25 пайызы кәсіпкерлер, 3 пайызы дәрігерлер болса, 20 пайызға жуығы ұстаздар.


Жанасыл Серікбол