Павлодар облысында биыл да жергілікті маңызды жолдарды жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары өз деңгейінде жалғасады. Жалпы 105 жоба бойынша жоспар құрылды. Осылайша аймақтың 500-ден астам шақырым жолының сапасы артады.

2022-жылы Павлодар олбылсында 417 шақырым жол жөнделген. Оған жалпы 13,8 млрд теңге жұмсалыпты. Өткен жылдың жол жөндеу жобаларына жергілікті маңызы бар, сондай-ақ, ауылішілік жолдар да көптеп енген. Осылайша 281 шақырым жол қиыршық жолдан асфальт бетонға ауыстырылды.

Нариман Омаров, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

Оның 200 шақырымы облыстық, аудандық маңызы бар жолдар. Ал, 81 шақырымы ауыл көшелерінің жолдары. 2023 жылға жолдарды жөндеу жұмыстарына 20,4 млрд тенге бөлінді. Жалпы ұзындығы 539 км жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерін қайта жаңартылады және жөнделеді. Жалпы 105 жобаны іске асыру жоспарлап отырмыз.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 11,8 млрд.теңгеге ұзындығы 302 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 42 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, биыл ұзындығы 36 километр Ақшиман-Лекер және 36 километрлік Баянауыл-Угольное жолдарынының құрылысын аяқтау көзделген. Бұдан бөлек өзге де ірі жобалар бар.

Нариман Омаров, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

Ірідері ол мысалы Ақтоғай-Шолақсор деген жол бар. Сол жобаны биыл аяқтаймыз.

Облыс бойынша 1600 ден астам республикалық маңызды жол бар. Оның 80 пайыздана астамының сапасы жақсы деді «ҚазАвтожол» өкілі. Бұл жолдарда өткен жылы «Оралық-Шығыс» бағдарламасы бойынша екі жоба іске асқан. Оны бірі Омбы-Майқапшағай тасжолында босла, бірі, Астана-Ерейментау-Шідерті бағытындағы 235 бен 259 шақырым аралығындағы бөлігі.

Алексей Логвиненко, «Қазавтожол ұк» АҚ ПОФ басшысының орынбасары:

Биылғы жылы да күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жалғасады. Мәселен, Қалқаман-Баянауыл аралығындағы жолға күрделі жөндеу жасалады. Ал, 3 аумақққа жаңадан орташа жөндеу жүргізілсе, үш аумақта былтыр басталған жұмыстар аяқталады.

Ал, Қалқаман-Баянауыл-Уляновск тас жолында салыну тиіс екі көпірдің бірі аяқталды. Ал, екінші биылғы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған.


Жанасыл Серікбол