Павлодарда спорттық және жауынгерлік джиу джитсудан облыс чемпионаты өтті. Жасөспірімдер мен ересектер арсында өткен жарысқа 100-ден аса қатысушы жиналды.
Облыс чемпионаты спортшылар үшін маңызды кезең. Осы турнирда үздік нәтиже көрсеткендер ақпан айының соңында Тараз қаласында өтетін республикалық бәсекеде бақ сынайды. Жалпы шығыс жекпе-жегінің бұл түрі Павлодар өңірінде 30 жылдан бері дамып келеді.
Дәулет Әлжанов, бас төреші:
Бұл уақыт аралығында біз әлем, Азия және Еуропа чемпиондарын дайындадық. Қазақстанның және халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері шықты. Өткен жылы Өзбекстанда өткен Азия чемпионатында біздің спортшылар 11 алтын медаль иеленді. Биылғы Азия чемпионаты маусым айының аяғында Алматы қаласында өтеді.
Павлодарлық шеберлер ұлттық құрамаын да сапалы спортшылармен толықтырып келеді. Биылғы жыл джиу джитсу щеберлері үшін сайыстарға толы жыл. Азия чемпионатынан бөлек күз айларында Стамбулда әлем чемпионаты өтеді деп жоспарланып отыр.
Әлихан Ерлан, джиу-джитсудан облыс чемпионатының қатысушысы:
Облыс чемпионымын. Қазақстан және Азия чемпионатында екінші орын алдым. Осы Қазавқстанда күшті күреседі талдықорғанда.
Облыс чемпионаты 4 жас ерекшелігі бойынша өтті. 12 мен 13 жастағылар өзара белдесті. 14 пен 15 жастағылар өз ішіндегі мықтыларды анықтады. 16 мен 17 жастағылар мен 18 жастан жоғары жас ерекшелігі бойынша да мықтылар сынға түсті.
Кенжебек Азылбеков, джиу-джитсудан облыс чемпионатына қатысушы:
Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионымын. Азия чемпионымын. Қазақсатн кубогын ұттым. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін осы спорт түрінен. Алдағы жоспар Алла жазса осы облыс біріншілігі бұйырса ұтып, қазақстан чемпионатына жолдама алып, одан ұтіп, әлем чемпионатын ағындыры, кө туды желбіретсем деген арманым бар.
Жарыс екі күнге созылды. Алғашқы күні жауынгерлік джиу джитсудан облыс чемпиондары анықталса, екінші күні спорттық түрі бойынша жарыс өтті. Сайысқа жалпы 6 команда қатыстсы.
Жанасыл Серікбол