Павлодар ауылында көше кезген қаңғыбас иттер тұрғындардың тыныштығын бұзды. Әсіресе мектеп оқушылары үшін қаупі басым. Иттер мектеп аумағына еркін кіріп, балалардың мазасын қашырды. Ата-аналардың айтуынша, шенеуніктер бұл мәселені шешуге қауқарлы емес.
Бұл бейнені Павлодар ауылының тұрғындары түсіріп алған. Бұған дейін ауыл халқы жергілікті әкімшілікке көше иттерін ұстауды айтып, бұл өтінішпен әкімдіктің есігін тоздырған. Алайда шенеуніктер бұл бағытта ешқандай жұмысты қолға алмай отыр.
Елена Завьялова, Павлодар ауылының тұрғыны:
Әкімдікке қоңырау шалып едік, бізге ит иелерін іздеу керектігін айтты. Иттің иесін қалай табамыз? Ешкім ештеңе шешпейді. Біз балаларымызды қаңғыбас иттер қауіп алмаса екен дейміз, сол үшін бұл мәселені шешіп беруді сұраймыз.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, иттер оқушыларды таңертеңнен бастап мектептің кіреберісінде күтеді. Ал, ата-аналары болса, балалары оларды тамақтандырады дейді. Мектеп директоры иттерді аулауға бірнеше рет өтініш білдірген. Мамандар келеді, бірақ олардың да атқарып жатқан жұмыстары шамалы дейді тұррғындар.
Мақсат Қабдыш, Павлодар облысы ветеринария станциясының маманы:
Өздеріңіз көргендей, қазір иттерді атуға болмайды заң бойынша. Сол себепті осындай құрылғыларды алып, көшеде жүрген иттерді аулауға тырысамыз Өте жиі түседі. Қала бойынша өте көп иттер. Осы аудан бойынша өте көп иттер. Приюттерге апарамыз. Инстаграм парақшасына оларды суретке түсіріп жібереді. Көрген, қызыққан кісілер келіп алып кетеді.
Ұсталған иттерден құтыру белгілері табылмады. Десе де, дала кезген саққұлақтардың жүрмейтін жерлері жооқ. Сондықтан залалсыздандыру жұмыстарын да ескерген жөн. Қазір ветеринарлық қызмет иттерді аулау құралдарын жаңартып, санын көбейтуді жоспарлап отыр.
Мөлдір Сағидолла, Артур Поляков