Негізгі Жаңалықтар Робототехникадан облыстық турнир өтті

Робототехникадан облыстық турнир өтті

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық әмбебап кітапханасында өңіріміздің жас зияткерлері облыстық роботехника жарысында мөзара мықтыны анықтады.

Облыстық кітапхана төрінде роботехникадан «MakerSpace Pavlodar Кубогы» өтті. Біліктілер додасына 6-18 жас аралығындағы жас ізденімпаздар қатысты. Олар «сумо», «шығармашылық» және «кегельринг» санаттары бойынша бақ сынасты.

Ерсұлтан Омар, ұйымдастырушы:

Шығармашылық санаты жаңартылатын энергия көздеріне негізделген жоба құруға көзделген. Кітапхананың 3 қабатының барлығында қатысушылар сынасатын болады. Жақсы ойын күтеміз. Сумо санатында кішкентай пішінді роботтар сынға түседі. Сайыс ережесі бойынша құлтемірлер бір-бірін шеңберден ысырып шығаруы керек.

Баянауылдан келген Нұралы Исабек робототехникамен 9 жасынан бастап әуестенеді. Тапқыр жеткіншек бұл уақытқа дейін 300-ге жуық құлтемір жасаған.

Ал павлодарлық Елнұр Ерқанатұлы бұл роботты екі апта ішінде жасаған. Осындай ауқымды жарысқа екінші мәрте қатысып отыр. Жас техник жасаған проектін егжей-тегжейлі таныстырып берді.

Аталған додаға өңіріміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық оқушы жиналды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер сыйлақтар және грамоталармен марапатталды. Барлық қатысушыға арнайы сертификаттар табысталды.

Ақмаржан Қалымбек


Бөлісу