Жұмыртқа бағасы 20 пайызға арзандады. Павлодар облысының экономикалық тергеу департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар түрлерінің бағасын жіті қадағлауда. Жергілікті атқарушы мекемелермен бірлесіп негізсіз өсірудің алдын алды.

Әлеуметтік маңызы бар 19 тауар түрі бойынша мониторинг жиі жүргізуде деді экономикалық тергеу департаментінің мамандары. Оның ішінде жұмыртқа бағасы бойынша сараптама жұмыстары жіті атқарылуда. Нәтижесінде бұл өнім тұрінің әр талы 52 теңгеден 42 теңгег арзандаған.

Арман Абитанов, экономикалық тергеу департаментінің жедел уәкілі:

Уәкілетті мекемелермен бірлесіп баға мониторингі жүргізілуде. Өнімнің өзіндік құныны төмендетуге бағытталған бюджет қаржсының өз мақсатына жұмсалуына да талдау жүргізілуде. Өндірушілермен бірге мәселелердің шешу жолдары талқылануда. Атқарылған шаралардың арққасында сауда үйлерінің желісіндегі ауыл шаруашығы тауарларын өндірушілердің өнімі тұтынушыларға тікелей жеткізіле бастады.

Жұмыртқаның бөлшек саудадағы құны да 20 пайызға арзандаған. Яғни, 605 теңгеден 484 теңгеге дейін. Бұл бағыттағы жұмыс әрмен қарай да тұрақты түрде жалғаспақ.

Жанасыл Серікбол