Ата-бабаларымыз тұрмыста ыдыс аяққа ерекше мән берген. Ыдысты ағаштан, темірден, мал терісінен және саз балшықтан жасап пайдаланған. Бұны археологтардың қазба жұмыстары барысынды табылған заттардан көруге болады. Тарихи өлкетану музейінде ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы қарсаңында «Сырлы аяқтың сыры кетпес» атты көрме ұйымдастырылды. Онда 11 ғасырдан бастау алатын көне жәдігерлер қойылды.

Көрме шымылдығы «Нұр ана» әлемі қоғамдық бірлестігі әжелерінің батасы мен ән шашуымен ашылды. Кейіннен жиналған бұқараға музей қызметкерлері көрмеге қойылған тарихтан сыр шертетін көне заттарымен таныстырды. Бұл ең көне қыш ыдыс 11 ғасырда жасалған екен.

Жеңісбек Қадырұлы, тарихи-өлкетану музейінің бөлім басшысы:

Оның ішінде 19 ғасырда 20 ғасыр мен 19 ғасырдың аяғындағы қола дәуіріндегі қыш ыдыстар да көрініс тауып отыр. Енді көрмені өткізудегі негізгі мақсатымыз бұл өзіміздің ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан ыдыс аяқтарды қала тұрғындарына оқушыларға таныстыру мақсатында өткізіп отырмыз. Яғни ерте кезде біздің ата-бабаларымыз қыш ыдыстарды қолданып келсе одан кейін ағаш пайда болғаннан кейін қолдана бастаған.

Ал мына ешкі терісінен жасалған ыдыста қымыз, сүт, айран сақталған. Оны ата-бабаларымыз ат үстінде, ұзақ жолға шыққанда пайдаланған. Себебі, температуралық режимді сақтап тұруға көмектескен. Ағаштан жасалған астау мен табақтар көрменің сәнін ашып тұр.

Ыбырай Байжұманұлы, студент:

Осындай іс шара ұйымдастырып жатқан музей ұжымына шын алғыс. Қаншама қазағымның көне заттары көрсетіп, біздің көзімізді ашып жастарымызға дәріптеп жатқанына шын жүректен алғыс. Бүгінгі күн осындай күнмен өткеніне шын жүректен қуаныштымын.

Көне жәдігерлер наурыз айының соңына дейін ұсынылады. Қызығушылық таныстқан тұрғындар үшін кіру тегін.

Әйгерім Тоқпанқызы