Қызметкерді мейрам күндері оның келісімінсіз-ақ жұмысқа тартуға рұқсат беріп келген норма, Еңбек Кодексінен алынып тасталды. Енді, жұмыс беруші – қызметкеріне алдын ала хабарлама жіберуі керек. Жұмысшылар Еңбек кодексіне енгізілген осы өзгерісті алға тартып, кестеден тыс жұмыстан бас тарта алады. Осы құқығын пайдаланған адамдарды ешкім жұмыстан шығара алмайды. Ал, жұмыс уақытынан тыс еңбектенген әр сағат үшін, жұмыс беруші қызметкеріне үстеме ақы төлеуге міндетті. Айтпақшы, төтенше жағдай және жедел жәрдем мәселесінде, қызметкердің келісімінсіз жұмысқа шақыруға болады.

Тамара Дүйсенова, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Еңбек шартыңызда көрсетілген. Сіз 9-дан 6-ға дейін жұмыс істейсіз деп. Еңбек шартында қосымша жұмыс уақыттары туралы айтылған болса, қалып істейсіз. Ал еңбек шартында нақты уақыт берілген болса, сол уақытта ғана жұмыс істей аласыз.