Осыдан дәл бір жыл бұрын Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру» атты жолдауын жариялады. Осылайша Қазақстан тарихындағы ірі өзгеріс кезеңі басталды. Ел тұрғындары бұл жолдау қоғамның тұтастай жаңаруына негіз болғандығын айтады.
2022-жылдың 16-наурызында Президент Қазақстан халқына жаңарудың жаңа үлгісін ұсынды. Жаңа Қазақстан идеясының бас ты ұстанымдары мен бағыттары жарияланды. Бір жыл ішінде жолдауда айтылған негізгі бастамаларға қадам жетудің негізгі қадамдары жасалып та жатыр. Ең бастысы ел сенеді.
Сапарбек Маусымбаев, Павлодар қаласының тұрғыны :
Менің өзімнің көзқарасым сырт көз сыншы дейді ғой. Мен қарап отырсам осы жылдары 1,2 жылдардан бері өзгерістер Жаңа Қазақстан болады дегенге сенемін мен. Өйткені қазіргі депутаттардың құрамына қарасам да одан кейінгі де халықтың жағдайы қайткенімен де мысалы айтқанда әжептәуір өзгерді.
Содан бері ел іші саяси оқиғаларға толы болды. Рефердум өткізіліп, Президент қайтадан сайланды. Іле Үкімет құрамы да өзгерді. Осы аптаның соңында Мәжіліс және мәслихат депутаттары жасқаталады.
Әлібек Елемесов, университет оқытушысы:
Президент сайлауына қазір бір жылдай уақыт болып қалды. Әрине, сол жолдауда көптеген бағдарламалар, міндеттер қойылды. Сол жолдау қазір біртіндеп іске асырылып жатыр. 00:45/// склейка/// 01:10///Қазақстан картасында қосымша 3 облыс пайда болды. Осындай өзгерістер қазір орын алып жатыр. Сол өз кезең кезеңімен жолдаудың қойылған міндеттер біртіндеп атқарылып жатыр деп ойлаймын.
Ел тұрғындары жолдау – ауқымды реформалардың бастауы деп біледі. Оған көздері жетіп, қоғамның өзгеріске бет алғандығын айтуда.
Жанасыл Серікбол