Жер жерде дүбірлі той, спорттық жарыстар ұйымдастырылып жатыр. «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубының жеткіншектері облыс орталығының әр ауданында спорттық дода өткізіп, ұлттық мейрамымызды ұлықтады.

Ұйымдастырылған салтанатқа 2 мыңнан аса бала қатысты. Мықтылары қол күреске қатысып, күшін зерделесе, енді бірі палуан болып белдесті. Ал шешен балалар ребустардан құрылған 1001 мақалды жалғастырды.

Гүлнәр Үсембаева, «жігер» балалар және жасөспірімдер клубының жетекшісі:

Бүгінгі біздің іс шараның мақсаты - Наурыз мейрамын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау. Ұлттық ойындар өткіздік. Өлең айтып, би биледі. Шараға 2 мыңнан аса жеткіншек ат салысты.

Балғындар өткен салтанаттан мол әсер алды. Қыз балалар би билеп, ән айтты. Шараға Павлодар қаласының №39 және 22 мектептің оқушылары қатысты.

Әділжан Жоламан, Б. Момышұлы атындағы №22 мектептің оқушысы:

Мен Наурыз мерекесін тойлауға келгеніме өте қуаныштымын. Мында түрлі сайыстар ұйымдастырылып отыр. Мен салауатты өмір салтын ұстанамын. Муай тай спорт түріне қатысамын.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Кейінен шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Әйгерім Тоқпанқызы