Мұзафар Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары да аталмыш бастаманы қолдап, Наурыз мейрамын тойлады.

Әр сыныптың оқушылары халқымыздың ұлттық күйлерін бір мезетте шерті. Басты мақсат ұлттық рухты асқақтытып, ұлттық аспабымызды өзге ұлт өкілдері арасында насихаттау. 9 сынып оқушысы Аяна Мұсағалиева бала кезінен домбыра тартуға үйренуді арман тұтқан. Мектеп ішінде ашылған үйірмеге жазылып, бір жыл ішінде машықтанды.

Аяна Мұсағалиева, М.Әлімбаев атындағы ЖОББМ оқушысы:

Адам өмірінде бір аспапта ойнай алса осы домбыраны ашылғанын көргеннен кейін өзім жазылдым. Өзіміз қазір көптеген күйлер үйрендік. Қазіргі уақытта Балбырауын мен Ер сылқымды ойнаймыз.

Ақнұр Кенхан домбыра сабағына 6 сыныптан барады. Қазір бірнеше күй шертіп, түрлі салтанатты іс шараларға қатысып жүреді.

Ақнұр Кенхан, М.Әлімбаев атындағы ЖОББМ оқушысы:

Мен негізі домбыра 6 сыныптан барып, міне 3 жылдай болыпи қалды қатысып жүрмін домбыраға. Және де көптеген күйлерді үйрендім. Және де басқа балаларға домбыра ойнауға кеңес беремін негізі. Домбыра аспабы қазақтың киелі аспабы.

Мектеп ұжымы ұлық мерекемізді кеңінен тойлады. Әр сыныпта танымдық сабақттар өтті. Салт дәстүріміз бен әдет ғұрпымыз көрсетілді. Бастауыш сынып оқушылары тұсау кесу рәсімін өткізді.

Гауһар Бекмурзинова, М.Әлімбаев атындағы ЖОББМ директор м.а.:

М.Әлібаев атындағы мектепте наурыз мейрамы тойланып жатыр. Мектебіміз аралас болып, дегенменне бірақ барлық ұлттарды мерекесі қазақ халқының айтулы мерекесі осы наурыз мерекесін жылдан жылға тойлап жатырмыз. Бұл наурыз мерекесінің құндылығы неде ол біздің ата бабамыздан қалған салт дәстүрді дәріптеу құндылықтарды дәріптеу өзімізден кейін біздің ұрпаққа насихаттау.

Балғындар Ұлыс оң болсын, ақ болсын деп айтысып, бір біріне ақжарма тілек білдірді.

Әйгерім Тоқпанқызы