Биыл шыбын-шіркейлермен күрес барысында 71.5 мың гектар жайылма алқап өңделетін болады. Бұл жұмыстарды толығымен атқару үшін 100 тоннадан астам биологиялық препарат қажет. Қазіргі уақытта қажетті дәрі-дәрмектер мен препараттар түрлерінің 80 пайызы жеткізілді.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов шыбын-шіркейге қарсы дайындық жұмыстары барысын көрді. Қазір уақытта бұл жұмыстарға қажетті дәрі-дәмек түрлері әкелініп жатыр. Аймақ басшысы олардың жеткізілуі мен қабылдануын тексерді.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Сонда мұнда жалпы 60 тонна боктицит келді иә? – 60 тонна бар, мынамен 80 болады. Енді 20 қалды .- Сонда 100 тонна болады. 71 мың 500 ғой иә?
Енді қалған 20 тонна дәрі-дәрмек сәуір айының 10 на дейін әкелінеді. Осылайша қажетті биологиялық препараттарды жеткізу жұмыстары толығымен аяқталады. Шыбын-шіркейлерге қажетті дайындық барысында еурокубтар мен әуеден өңдеуге қажетті техникалар да дайындалды.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:
Сонда мына Ленин кентінің жаңағы ажйылманың бас жағын Павлодарсий жағын иә? Кенжкөл жақта өзі Байдала, Заря жағымен қосып Ақсу жағымен өңделеді.
Әйгерім Қабылтаева, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:
Ал, қар толығы мен ерігеннен кейін ғылыми топ шыбын-шіркей дернәсілдерінің фенологиялық дамуын бақылай бастайды.
Ермек Ғабдулин, ғылыми топ жетекшісі:
Бұл жерде ең бастысы судың температурасы. 10 градустан жоғарылағанда біз өз жұмысымызды бастаймыз. Күн жылығна бетте біз өзіміздің жұмысымызды бастаймыз.
Бүгінгі таңда мердігер екі әуебортымен келісіщрат жасаған. Жұмыс басталған кезде ешқандай мәселе туынадматындығын айтты. Өңдеу жұмыстары сәуір аяғында басталмақ. Әуен өңдеу жұмыстары Тереңкөл және Ақтоғай аудандарында да атқарылады.
Жанасыл Серікбол