Өңірімізден шығып елімізге кеңінен танылған әншілердің бірі Серік Мұсалимов. Ол бірқатар патриоттық әндер арқылы есімі елге тарады. Халық жүрегінен орын алған әншіні мәдениет басқармасы арнайы төсбелгімен марапаттады.
Әйгілі «Павлодарда» екі мыңыншы жылдары халық арасына кеңінен тарады. Одан бұрын «Менің Қазақстаным» атты әні республиканың барлық аймағындағы тұрғындар жүрегіне жеткен еді. Биыл әнші Қазақстан бойынша гастрольдік сапар жоспарлап отыр. Халық жүрегінен орын алған әнші «Облыс алдына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен мараптталды.
Серік Мұсалимов, «Облыс алдына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері:
Әрине, тоқтап қалған жоқпын. Еңбек еңбек етіп жатырмын. Павлодар халқы үшін шығармашылығымды тоқтатпаймын. Жұртшылыққа әнім арқылы қуаныш сыйлағым келеді. Наурыз мерекесі құтты болсын! Ораза қабыл болсын!
Медет Тауасқан, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы:
Бұл кісінің осындай марапатқа ие болуы. Менің ойымша шығармашыл адамның әрі қарай жұмыс жасауға деген ынтасын-жігерін білдірсе керек. Біз бастадық Облыс әкімі бірден қолдады. Өзінің биыл мерейлі жылы.
Жанасыл Серікбол