Қазақстандық ЮФС файтері, аралас жекпе-жек шебері Шавхат Рахмонов павлодарлық спортшылармен кездесті. Қазақстандық файтер жас өреңдердің сұрақтарына жауап беріп, ақжарма тілегін білдірді.

Күні кеше Лас-Вегаста өткен UFC 285 аралас жекпе-жек бәсекесінде жеңіске жеткен аралас жекпе-жек шебері Шавхат Рахмонов павлодарлық спортшылармен кездесіп, емін-еркін, шынайы әңгіме өрбітті. UFC-де үлкен жеңіске жеткен спортшыны павлодарлықтар ыстық ықыласпен қарсы алды. Шараға қатысқан өңір басшысы Асайын Байханов спортшыны жңісімен құттықтады.

Даңқты спортшы, аралас стильдегі жекпе-жек шебері жас спортшыларға өнеге, сондай-ақ шыдамдылық пен қайтпас қайсарлықтың үлгісі екені сөзсіз. Павлодарлық саңылақтар белгілі спортшының қолтаңбасын алып, мол әсерге бөленді. Белгілі спортшы өз кезегінде жастарға үлкен жеңістер тілеп, ақжарма тілегін білдірді. Павлодарға алғаш келуім, өте жылы қарсы алды, деді чемпион.

Атап өту керек, таяуда UFC файтері мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізген еді.

Ақмаржан Қалымбек