Бүгінде ауылдық жерлерде шамамен 8 млн қазақстандық тұрады. Өкінішке қарай, халықтың көбі заманауи медицинаға қол жеткізе алмай отыр. Мәселен, скринингтен өту үшін азаматтар қалаға келуге мәжбүр. Сондықтан ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту қоры INVIVO және Олимп зертханаларымен бірлесіп кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа бағдарламасын әзірледі. Кәсіпкерлерге қайтарымсыз, тегін қаражат беріледі.
Қазір ауруды ерте анықтап, уақытылы емдеу шараларын жүргізу үшін мемлекет тарапынан ауқымды профилактикалық тексерулер енгізіліп жатыр. Бұл ретте зертхананың мүмкіндігі жоғары. Сол себепті ауылды тұрақты дамыту қоры INVIVO және Олимп клиникалық-диагностикалық зертханаларымен серіктестік арқылы «ауыл аймақтағы зертхана» жобасын жүзеге асырып жатыр.
Фатима Герфанова, аймақтық даму және денсаулық сақтау бағдарламаларының үйлестірушісі:
Аудандық ауруханаларға қарағанда жеке зертханалық кеңселерде көптеген анализ тапсыруға мүмкіндік бар. Бірақ ауыл тұрғындары үшін бұл зертханалаар әрдайым қолжетімді бола бермейді. Әр азаматқа сапалы медицианылқ көмек беру үшін осы жоба қолға алынып отыр.
Жоба шеңберінде кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант беріледі. Олар бұл көмек қаржы арқылы аудан орталықтарында зертханалық кабинеттерді жарақтандыру үшін жиһаз және жабдық сатып алуға мүмкіндіктері бар.
Фатима Герфанова, аймақтық даму және денсаулық сақтау бағдарламаларының үйлестірушісі:
Бұл ауыл тұрғындарының өмірін едәуір жеңілдетті, өйткені оларға жүздеген шақырымды жүріп қазір қалаға барып келудің қажеті жоқ. Біз кабинет ашуға бір жарым миллионнан үш миллион теңгеге дейін грант береміз. Грант мөлшері осы аудан орталығындағы халық санына және оның облыс орталығынан қашықтығына байланысты беріледі. Белгілі компаниялардың франшизалары бойынша талдауларды күн сайын аудан орталығына жеткізу қажет. Егер сома бір жарым миллион теңгеден асатын болса, бұл үй-жайды жөндеу және қандай да бір жарнамалық науқан болуы мүмкін. Біздің серіктестеріміз - «Олимп» және «INVIVO» зертханалары франшизаларын толығымен тегін ұсынады.
Зертханалық кабинеттерді жабдықтауға грант алу үшін небәрі екі шартты орындау қажет. Басты талап - грант берілген күннен бастап 30 күн ішінде қаражаттың мақсатын негіздеу керек. Сондай-ақ зертханалық кабинет бір жылдан астам уақыт жұмыс істеуі тиіс.
Фатима Герфанова, аймақтық даму және денсаулық сақтау бағдарламаларының үйлестірушісі:
Айта кету керек, бұл қызметтің лицензиясы бар. бірақ франшиза ұсынатын компаниялар лицензияны рәсімдеуге көмектеседі. Екіншісі, әрине, қан мен басқа да биоматериалдарды алатын кәсіби мейірбике қажет. Ал, кәсіпкердің медициналық білімі болуы міндетті емес.
Айта кетейік, жоба әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, соынмен қатар ауыл тұрғындары үшін жайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған. Қаражат қайтарымыз негізде тегін беріледі! Толық ақпарат алу үшін +7 701 752 9612 телефон нөмірі немесе fatima.gerfanova@furst.kz арқылы ақпарат алуға болады.
Аяулым Рахымжанова, Мұрат Әбілмажит