Рамазан айы барша мұсылман халқы асыға күтетін ай. Бұл айда отыз күн ораза тұтып, құлшылық қылады. Рухын да, тәнін де тазартады. Ал, ораза кезінде дұрыс тамақтанудың әдебі алай? Бұл тұрғыда діннің көзқарасы қандай? Медицина не дейді?

Ораза кезінде адам ұзақ уақытқа тамақ ішуден шектеледі. Тамақ қана емес судан да, өзге де асқазанға баратын қоректерді күні бойы тияды. Бұның адам ағзасына өз әсерін тигізетіні белгілі. Ал, хадистерде бұл кезде тамақтанудың өзіндік әдебі айтылған.

Біржан Әкімбеков, Әбу Бәкір Сыддық мешітінің бас имамы:

Пайғамбарымыз айтады сәресіне үзбеңдер және сәресіне үзбей ішудіә жалғастырыңдар. Себебі, сәресін ішкен адамға періштелер алла тағаладан жарылқау мен берекесін тілейді дейді. Шариғатымыз.

Яғни, сәресі уақытында тамақтану – ораза ұстаған адам үшін аса маңызды. Күні бойғы нәр мен құнар тек сәресі де не ішкеніңе байланысты. Ал, күні бойы ораза ұстаған адам аузы ашар уақытындағы тамақтануға абай болған жөн дейді дін өкілдері.

Біржан Әкімбеков, Әбу Бәкір Сыддық мешітінің бас имамы:

Ауыз ашар уақытында ғалымдарымыз да айтады. Құрма болмаса, су болмаса немен ашамыз деген кезде піспеген, отқа қақталмаған нәрселермен ашамыз дейді. Яғни, жеміс-жидек. О бастағы табиғи қалпын сақтаған тағамдармен ауыз ашуға шақырады.

Ал, медицна мамандары науқас адамдарды ораза қстамауға шақырады. Бұл дінде де айтылған. Ал, ауыз ашар уақытында майлы тағамдардан мүлде бас тарту керектігін алға тартады.

Назым Төлеубаева, №4 емханасының дәрігері:

Күні бойы ашыққан кейін кешек міндетті түрде суцмен бастау керек. Одан кейін дәнді-дақылдарды, жаңғақтарды пайдалану керек. Бойында су көп ұстайтын жемістер ол да пайдалы болып келеді асқазанның жұмыс істегеніне.

Ал, ет және сүт тағамдарымен күніне бір уақыт, яғни, не сәресі де, не ауызашар кезінде тамақтанған жөн дейді дәрігерлер.

Жанасыл Серікбол