№6 мектепке дейінгі гимназияда өткен Ұлттық ойындар фестиваліне қаланың өнерлі бүлдіршіндері қатысты. Бөбектер қазақ халқының асық ату, қыз қуу, жамбы ату, күміс алу ойындарында керемет өнер көрсетті.

Бұл шараға қатысқан бүлдіршіндер 10-15 наурыз аралығында іріктеу кезеңінен сүрінбек өтіп, фестивальге жолдама алды. Қаланың мектепке дейінгі 24 мекемесінен ең өнерлі деп танылған алтауы финалда бой көрсетті.

Құралай Күзеева, білім беру бөлімінің бас маманы:

Жұмысты бағалаған кезде жас ерекшеліктері ескерілді балалардың, мазмұны, дербестігі, ойынды қалай таныстырды, жаңашщылдығы, қалай жеткізгені барлығы ескеріліп өтті.

Бүлдіршіндер шараға аса қызығушылықпен дайындалған. Олар әдемі шығармашылық қойылымдар, қазақ халқының ұлттық киімдері, би мен әуезді әуенді қамтыған. Қазылар алқасы асық ату, қыз қуу, жамбы ату, күміс алу және айгөлек ойындарын тамашалап, бөбектердің өнерін бағалады.

Шараның қорытындысы бойынша кішкентай өнерпаздарға грамоталар мен сыйлықтар табысталды.

Ақмаржан Қалымбек