«Аманат» партиясы жаңа мүшелермен толықты. Салтанатты жиында 100-ден аса азаматқа партиялық билет табысталды.

Бүгін «Аманат» партиясының құрамына 100-ден аса адам қосылды. Бастауыш ұйымдардың мүшелері, белсенді жастар мен әр түрлі салада еңбек ететін облыс тұрғындарына партия құжаты табысталды. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы елге жанашыр, игі істердің көшбасшысы бола алатын азаматтардың қолына екен анық.

Санира Жүсіпова, қалалық мәслихат депутаты:

Бәрімізге мәлім «Аманат партиясы ол нақты істер партиясы. Халықты біріктіретін, мұң-мұқтаждарын жүзеге асыратын көптеген жобаларды жүзеге асырып келеді. Бүгінгі таңда біз халыққа сөзбен емес, іспен дәлелдедік. Соған кешегі күні ғана өткен сайлау айқын. Бізге халық сеніп бүгін қатарымызға 100-ден аса халық қосылып жатыр.

 «Аманат» партиясымен бірігу бастамасына өз үлесін қосуға ниетті жастардың қарасы қалың. Бұл – басталған өзгерістердің жарқын көрсеткіші ретінде бағалануда.

Алуаш Қуаныш, студент:

Бүгін мен үшін жауапты күн. «Аманат» партиясының мүшесі болуға дайындалып жатырмын. Мен осы «Аманат» партиясы арқылы еліме көмектесіп, үлесімді қосқым келеді. Осы елімізде үлкен жұмыстарды атқарып жатқан партиялардың бірі. Осы партияға кіруге шешімімді қабылдадым.

Сондай-ақ, шара барысында Ерлан Қошановтың атынан Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауында үлес қосқан қоғам белсенділері алғыс хатпен марапатталды.

Мөлдір Сағидолла