Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткінің ірі партиясын құпия белгі арқылы таратты деп күдікке ілінген өңірдің 22 жастағы тұрғынын анықтады. Қазір істің арақарсы анықталуда. Тәртіп сақшылары тұрғылықты жері бойынша жалға алған пәтерінен ұнтақты заты бар пакеттер мен оларды орауға арналған заттарды тәркіледі. Арнайы іс-шараларды өткізу кезінде жас жігіттен ақ түсті ұнтақ заты бар 5 полимерлі байламы табылды.

Сәния Ахметжанова, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аға жедел өкілі:

Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Бұл қылмысқа басқа адамдардың да қатысы бар екені анықталуда