Павлодар облыстық мәслихатының екінші кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар өңірдің бюджетін нақтылап, Екібастұздың бас жоспарын бекітті. Биыл әлеуметтік мәселелерді шешу үшін 7 млрд теңге бөлінбек.

Облыстың нақтыланған бюджеті 433,8 млрд.теңгені құрады. Облыс әкімінің халықпен кездесулері кезінде, сондай-ақ республикалық жобалар нақтыланғаннан кейін көтерілген мәселелерді шешу үшін 50 млрдға жуық қаржы бөлінеді.

Ирина Назарчук, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

Әлеуметтік салаға шамамен 15% немесе 7 млрд.теңге бағытталды. 12 білім беру нысанын жөндеу, балалардың жазғы демалысын қамтамасыз етуге бөлінеді. Сондай-ақ колледж студенттердің шәкіртақысын көтеруге бағытталады.

Бұл 7 млрд қаражаттан Павлодарда екі жаңа спорт нысаны салынады. Бес ауылдың медицина кешені күрделі жөнделеді. Ал, тұрғын үй коммуналдық шаруаларға қосымша 21,6 млрд теңге бөлінеді.

Ирина Назарчук, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

Оның 11,5 млрды – Екібастұз және Ақсу қаласының әлеуметтік осал топтағы азаматтары үшін 600 пәтер салынуға беріледі. Елдімекендерді ауыз сумен қамту үшін 5,5 млрд қарастырылған. Ал железин және Майқайың ауылындағы жылу желілерін жөндеуге 4,5 млрд бөлінеді.

Биыл 42 шақырым болатын желілерді жөндеу үшін 20 жоба іске аспақ.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Жыл басында мен барлық ауылдық әкімдермен кездестім. Тұрғындардың ең өзекті мәселелерін талқыладым. Осы орайда бюджетті нақтылау кезінде жолдарды жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз ету, денсаулық кешендердін жөндеу басты назарға алынды.

Сондай-ақ, 3 апатты мектептің орнына жаңасы салынады. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 26 ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға шамамен 10 млрд.теңге бөлінеді.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Қандай да бір іс шаралар халықтың игілі үшін жасалып жатыр. Оның басқа мақсаты жоқ. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі зор. Тексерістер өтсін. Біз тек оны қолдаймыз. Мен сіздерді шақырамын.

Биыл бірқатар ауылды ауыз сумен қамту мәселесі шешіледі. Қазір барлығы 28 елідеменде таза ауыз су жоқ.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Шарбақты ауданында ғана емес, Железин ауданы, қай ауданды алсақ та жол мәселесі, су мәселесі бар. Бұл жұмыстарды жасау әрине болу керек. Биыл 28 ауыл бар ауызсумен қамтамасыз етілмеген. Қандай ауыртпашылық екенін білесіздер ме?

Сессия отырысында депутаттар Екібастұздың бас жоспарын бекітті, сондай-ақ Курчатов қаласын Абай облысының қарамағына беруге келісті.

Аяулым Рахымжанова