Павлодарда үй жануарларын есепке алып, оларға чип салу жұмыстары басталды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 55 млн теңге бөлінген.
Бұл европаның өзінде сатылатын бассетхаунд тұқымды үш айлық күшік. Қазақстанға келгеніне үш күн болыпты. Иесі бірден «таңба» жануарларды есепке алудың ақпараттық жүйесіне тіркеп тастады.
Светлана Коловникова, Павлодар қаласының тұрғыны:
Бәрін әкелеміз. Үйде такса тұқымды итіміз және екі мысық бар. Енді олар да осында келіп, қонақ болады. Чип салдырамыз. Кім біледі? Жоғалады немесе ұрлап кетуі ғажап емес ғой. Оның үстіне бұлардың қандай екпе алғаны, бәрі сол чип арқылы оқылады. Бұл әбден жақсы бастама деп санаймын.
Чип- бұл жануардың электронды төлқұжаты. Оны салдырудан ит, мысыққа еш зияны жоқ. Ақпараттық базаға иесі туралы да мәлімет енгізіледі. Айтпақшы, ветеринария клиникалары бұдан былай сән үшін ұстайтын шиншилла, егеуқұйрық, таспақа, ергежейлі шошқаны да үй жануары ретінде есепке алады.
Ғалым Бейсенов, ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
Ақша төлеу керек болғандықтан, адамдар әлі жөнді келмей жатыр. Бірақ 1-қыркүйектен бастап ол міндетті болғандықтан кейін жауапкершілік болады. Сол үшін біз әзірге үгіт жұмысын өткізіп жатырмыз
Әзірге тұрғындар таза тұқымды ит-мысықтарын ғана таңбалатып жатыр. Себебі тіркеу ақылы. Әр үй жануарына 4500 теңге сұрайды. Ал, тұрмысы төмен отбасылар үшін тегін жүргізіледі. Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы жаңа заңға сәйкес енді иттердің бос жүруіне тыйым салынады. Осы жылы облыс орталығында иесіз иттерге арналған 4 панажай ашылған болатын. Бүгінде олардың бәрі лық толы. Ит аулау қызметі қаңғыбастарды қайда қуарын білмей дал.