Павлодарда үш бірдей экологиялық комиссияның бірлескен отырысы өтті. Онда осы уақытқа дейін қордаланған бірқатар мәселер қаралды. Соның бірі – жеке сектордағы шағын қазандықтар мен пешті жылытудан шығатын зиянды шығарындыларын азайту. Ол үшін газге, не болмаса күлі аз көмірге көшу түрінде балама ұсынылып отыр.
Отырысқа облыстық қоғамдық кеңес өкілдері, облыстық мәслихат пен «АМАНАТ» партиясының Экологиялық мәселелер жөніндегі комиссиясы қатысты. Әрине, мұндай отырыстар бұрын да өткізілген. Бірқатар нәтижелерге де қол жеткізді. Бүгінгі тақырып – шағын қазандықтардан шығатын ластаушы заттардың мәселесі. Облыста олардың 147-сі болса, оның 98-і Павлодар қаласында. Ұсынылған шешімдердің бірі – газға көшу.
Владимир Берковский, облыстық қоғамдық кеңестің экологиялық жағдайды жақсарту мәселелер жөніндегі комиссия төрағасы:
Бұл расымен де күрделі мәселе. Бізде газ бар. Оны біздің зауыт шығарады. Омбының газ тасымалдаушы компаниялары тасымалдайды. Газге ауысу арқылы экологиялық тұрғыда жақсы нәтижеге қол жеткезген мысалдар бізде бар.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта елімізде сұйытылған газдың өндірісі жыл сайын шамамен 3 миллион тоннаны құрайды, сонымен бірге тұтыну да өте жоғары. 2 миллион тонна. Ал, болашақта тұтыну тек өседі деп күтілуде.
Қобыланбек Қожин, Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы:
Мемлекет дамуының осы кезеңінде сұйытылған мұнай газы біздің автокөлік жүргізушілері үшін мотор отыны түрінде тұтынылуы керек. Өйткені бүгінде халықтың табысы бензин бағасын көтеруге мүмкіндік бермейді. Бірақ, біз қаласақ та, қаламасақ та баға өсетін болады. Бұл мәселені шешудің бірі - мотор отыны түріндегі газды пайдалану.
Сондай-ақ, жиын барысында жеке сектордағы пешті жылытудан пайда болатын шығындыларды азайту мәселесі де көтерілді. Комиссия халықты күлі аз шығатын көмірмен қамтамасыз етуді шешу жолдарын қарастыру жайын айтты. Осылайша атмосфераға таралатын зиянды шығарындыларды екі есеге азайту мүмкіндігі бар.
Ирина Чидунчи, «AMANAT» партиясы жанындағы өңірлік экологиялық кеңес төрағасы:
Павлодарда ауа темперетурасы +8 және +10 граудстан төмендеген кезде өте қиын жағдай орын алады. Неге бұлай десеңіз бұл кезде бәрі көмір жаға бастайды. Көмір әрине, ең оңтайлы отындардың бірі. Бірақ, ары жағында бірқатара ауыр мәселер тұр.
Отырыс нәтижесінде үш экологиялық комиссия да қала кәсіпорындарымен шағын қазандықтарды қатты отыннан газға көшіру туралы меморандумдар жасауды ұсыныды. Сондай-ақ жеке сектор тұрғындарының күлі аз көмірге көшуіне қолдау көрсету бағдарламаларын да әзірлеу қажеттігі айтылды.
Жанасыл Серікбол, Ермек Сапаров