Әр қаланың өзінің тарихы, өткені, ерекшелігі болады. Павлодар қаласы көше ішіндегі теміржолдарымен айрықша. Иә, еліміздегі ең ірі трамвай ошағы Павлодар қаласында. 50 жылды арқалаған трамвай басқармасында 560 қызметкер жұмыс жасайды. 2022 жылдың шілдесінен бастап трамвай қозғалысының жаңартылған жүйесі пайдалануға берілді.
Халыққа ең жақын көлік түрінің бірі трамвай. Жайлылығы, өзіндік артықшылығы бар қоғамдық көлік Павлодар қаласында 50 жылдан аса тоқтаусыз қызмет етіп келеді. 1965 жылы трамвай депосы Алюминий зауытының цехы болып бекітілген. Ал, 1972 жылдан бастап жеке трамвай басқармасы болып қалыптасты.
Берік Әмренов, трамвай басқармасы басшысының орынбасары:
Қазіргі таңда 90 шақырым темір жолымыз бар. Бүгінгі таңда 560 қызметкер трамвай басқармасында жұмыс жасайды. Оның ішінде 167-сі жол қызметінде. Үлкен қызметтер бар. Депо қызметінде 94 адам жұмыс істейді.
Қазақстандағы ең ірі трамвай желісі Павлодарда. Шаһар тарихымен сабақтас транспорт 1965 жылдың 18 қазанында жұмысын бастады. Ең алғаш 33 вагон жолға шыққан. Ал қазіргі уақытта қала ішінде 16 маршрут бойынша қатынайтын 100-ден аса трамвай жолаушыларды тасымалдайды.
Трамвайдың жұмыс уақыты – таңғы 5:30 дан түнгі 01:00 дің арасы. Қоғамдық көліктің бұл түрі Павлодар жолаушыларының басым бөлігін тасымалмайды. Час-пик уақытында қос вагонды трамвайлар да жолға шығады. Мәселен, трамвай жұмысының алғашқы бағыты 72 кесте бойынша 83 вагон, күндіз 47, ал кешкі уақытта 17-18 вагон қала тұрғындарын діттеген жеріне жеткізеді. Басқарма жолаушылар жайлылығы әрдайым басты назарда екенін айтты. Бұл мақсатта су жаңа трамвайлар іске қосылған.
Берік Әмренов, трамвай басқармасы басшысының орынбасары:
2017 жылы біз бірінші трамвайды алдық. Белорусия мемлекетінен келген. 852-ші маркалы трамвайлар. Қазіргі күні 23 трамвай бар бізде. Оның алдында 2014 жылдан бастап, 623-ші маркалы трамвайды Ресейден алғанбыз. 7 трамвай, одан кейін 23 трамвай. Бүгінгі таңда жүріп, қызмет жасап жатыр.
Павлодар өнідірісті аймақ болған соң трамвай қызметі зауыт жұмысшыларын тасымалдаудан басталады. Сондықтан, көліктер жылдың төрт мезгілінде де сақадай сай тұруы қажет.
Дүйсенбек Нұрабаев, жөндеу бөлімінің маманы:
Осында келіпи еңбек істеп жатырмын. Техника жағы маған өте ұнайды. Сондықтан осында келіп 15 жылдай жұмыс істеп жатырмын. Трамвайлардың тормоздарын, кардандарын, барабандарын жөнднймін.
Трамвай Павлодар жұртшылығының ең сүйікті, ыңғайлы қоғамдық көлігіне айналған. Қаланың әр түкпіріне кешікпей, уақытында жетеді. Қауіпсіз. Сондай ақ, шаһар қонақтарына арналған «трамвай кафе» де бар. Әсем қаланың әдемі көрінісін тамашалаған меймандар солтүстік өңірдің мәдени өмірімен таныса алады.
Мөлдір Сағидолла