Елімізде 2020 жылдан бастап «Бірінші жұмыс орны» бағдарламасы іске қосылды. Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Бүгінде жұмыспен қамту орталығына жұмыс берушінің 75 онлайн өтінімі түскен.

«Бірінші жұмыс орны» жобасына алғаш рет жұмыс іздеп жүрген азаматтар, отыз бес жасқа дейінгі жастар, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар, сондай-ақ Жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген 35 жасқа дейінгі тұлғалар қатысады. Мемлекеттік жоба облыста 3 жылдан бері жүргізіледі.

Төкен Файзуллин, жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары:

Тәжірбиесі болмай тұрған. Оқу бітіріп, жаңа ғана тәй-тәй басып, орта мектептен, коледж, институттан шыққан түлектерге арналған. 18 айға дейін еңбек ақысын мемлекет төлеп отырады.

Бұл уақыт аралығында жас маман мамандықты тәжірбие түрінде игеріп, жұмыс ұсынушыға өзің жан жақты көрсете алады. Бірінші жұмыс орнында жұмыс істеп жүрген азаматтарда ешқандай салық салынбауы керек.

Төкен Файзуллин, жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары:

Оқу мерзімінде «Жасыл ел» бағдарлама бойынша қарастырылған. Оқып жүріп тағы бір жерлерде жұмыс істесе оған қарастырылмаған. Сол себепті бүгінгі күнде біз жұмыс берушілерді осында шақырамыз.

Медицина саласы, жеке кәсіпкер, смм-мамандары. Бұл бүгінгі таңда сұранысқа ие мамандықтар. Жоба аясында жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталығына өтінімдерді онлайн бере алады.

Мөлдір Сағидолла