Облыс аумағында 42 жағажай бар. 24 коммуналдық және 18- зі жеке. Биыл коммуналдық жағажайларда күтіп баптап, қызмет көрсетуге қазынадан 156 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл жайында толығырақ өңірлік коммуникация орталығында айтылды.

Шомылу кезеңі маусым айында басталады. Бүгінде жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар адам өлімін алдын алу мақсатында қатаң түрде тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Сақтық шараларының бір қатары іске қосылмақ.

Олег Трещев, ТЖД бастығының орынбасары:

Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында жасөспірімдерге ақпарат тарату үшін Төтенше жағдайлар департаменті мен Білім, Денсаулық сақтау басқармасы арасында меморандумға қол қойылды. 2023 жылы өткен жылғыдай жүгіртпе жолдары, билборд, лэд экран, көшелерде, саяжай, әуежайларда ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі. Кинотеатрларда профилактикалық бейнематериалдарды трансляциялау жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, төтеншеліктер жазда мезгілінде мектептермен жұмысын жалғастырады. Оқушылар арасында қауіпсіздік шаралары жайында түсіндірме жүргізеді. Бұдан бөлек, балалара игілігі үшін «Ertis Promenade» алаңында бассейн салынады.

Олег Трещев, ТЖД бастығының орынбасары:

2022 жылы мектептермен бірлесе 22 модульдік бассейндер сатып алынды. Биыл тағы 10 бассейн қосылады. Өңірімізде барлығы 150-ге жуық бассейнге іске қосылды деп жоспарланып отыр. Бұл жерлерде балалар ересектердің бақылауымен шомыла алады.

Облыс орталығында Усолка шағын ауданынымен жағалауды тазарту жұмыстары өтіп жатыр. Құм тегістеледі.

Арман Құсайынов, ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

Биылғы жылы жағажай элементтерін қайта жарақтандыру жұмыстары жалғасуда. 8 дана су бұрқақтары орнатылады. Өткен жылы 4 дана болды. Душ кабиналары да болмақ. Былтыр 11 –ін орнаттық. Көлеңке беретін элементтер санын 36 данаға көбейтеміз.

Сондай-ақ, киім ауыстыратын кабиналар орнатылмақ. Қала тұрғындарының сүйікті жеріне айналған фото аймақ Ертіс жағасындағы әткеншектің де саны артады.

Арман Құсайынов, ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

Биыл жағалау мен жағалау аймағында 3 қоғамдық модульдік дәретхана орнатылады. Мүгедектерге де қол жетімді болады. Қазіргі уақытта орнату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Орталық жағалау шаһарымыздың ең көрікті жерлерінің бірі. Жыл сайын инфроқұрылым дамып, жаңашылдықтар енгізіліп жатыр. Десе де, өткен жылы жағалау су айдындары аймағында 154 құқық бұзылған факті тіркелген. Жауаптылар қала мүлкіне ұқыптылықпен қарауды сұрайды.

Мөлдір Сағидолла