Ертіс ауданының жасөспірімдері жергілікті шығармашылық үйірмеден көптеген өнер түрлерін үйренуде. Моделдеу, сурет салу, журналистика салалары бойынша негізгі әліппені үйренуде. Соңғы жетістіктері мен осы уақытқа дейін не үйренгендігін біздің түсірілім тобы көріп қайтты.

Шағармашылық орталық өз жұмысын 2018-жылы бастаған. Бүгінде барлық аудан бойынша филиалдары ұйымдастырылып, 500 дей баланы қамтып отыр. Балалар бұнда жаңа өнер түрлерін үйреніп, шығармашылықтарын дамытуда. Өнердің әр түрлі бағыты бойынша қабілеттін шыңдауда. Жаңа достар тауып, ортаға бейімделуге де үлкен сеп дейді педагогтар.

Гүлвиза Қалижанова, балалар шығармашылығы орталығы жетекшісінің м.а.:

Сурет салу, техникалық моделдеу, қолданбалы өнер сияқты үйірмелер бар. Сонымен қатар, бұнда волейбол, баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату сияқты спорт түрлерімен айналысуға да мүмкіндік бар. Туризм секциясы да жұмыс істейді.

Осылардың ішінде техникалық моделдеу – ең танымал үйірмлерердің бірі. Бұнда балалар ағаштан кеме, қайық, ұшақ және машина түрлерін жасап қиялдарын ұштайды. Жасаған жұмыстарын жыл сайын әр түрлі көрмелерде ұсынып жүр.

Александр Дацко, балалар шығармашылығы орталығының қызметкері:

Оқушылар ұсыныспен келіп, осындай модел жасағым келеді деп өздері құлшынады. Біз қуана келісеміз. Өзге балаларға көрсетеміз. Тек машиналар ғана емес, биыл бір бала жатпанеталық кейіпкерді жасады.

Ал, баллардың бірқатары жазуға құмар. Журналистика саласына қызығады. Жетістік те жоқ емес.

Нарқұлан Райхан, балалар шығармашылығы орталығының қызметкері:

Үйірмеге 44 бала келеді. Таңертең, түсті, 4 топ бойынша келеді. Өздерінің жеке ютуб каналан ашқан балалар бар. Баллардың жетістігі.

Балалардың өнерге, білімге деген құүштарлығы мол. Орталық жұмыс істей бастаған 5 жылдан бері көптеген бала өз қызығушылықтары бойынша тәрбиеленуде.

Осында тәрбиеленіп жатқан балғындар осы айдың басында туризм саласы бойынша облыстық сайыста екінші орынға ие болды. Жиыны 21 педагог тәрбие беруде. Олар жеткіншектерді өнерге үйрету басты міндетіміз деп біледі.

Жанасыл Серікбол, Ермек Сапаров