Павлодар облысында жайылма аумақтардың авиациялық жұмысы толығымен аяқталды. Әуе өңдеулерінің орташа тиімділігі 90%-дан асты. Қазіргі уақытта өзендегі дернәсілдерге қарсы өңдеу кезеңі жүріп жатыр. Уландыру жұмыстары 8 орында анықталды.

Павлодар облысында қансорғыштармен күресу үшін 183 әуе өңдеу жұмысы жүзеге асырылды. Оның 118-і биологиялық 65-і химиялық препараттар. Ал, ұшақтың жетуі қиын жерлері қол бүріккіш көмегімен жаяу жүріп өңделді.

Әйгерім Қабылтаева, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:

Дезинсекциялық жұмыстарды жүргізуде шағын ұшақтарды қолдану масалардың дернәсілдік кезеңінде жойылуына өте тиімді нәтиже береді. Әуе өңдеулерінің орташа тиімділігі 90%-дан асты.

Шыбын-Шіркейге қарсы өзендегі өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталды. Төрт баржа мен бес моторлы қайық тартылды. Олар 167 мың литр көлемінде биологиялық препараттың отыз пайыздық суспензиясының 1 130 шақырым су бетін өңдейді.

Әйгерім Қабылтаева, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:

Бұрынғыдай Аққулы ауданы Бесқарағай ауылының бірінші нүктесінен бастап Тереңкөл ауданы Жаңабет ауылының соңғы нүктесіне дейін биологиялық препаратты төгетін 8 орын анықталды. Сонымен қатар, биыл Ертіс өзенінің Белая, Тулка, Талинка, Подстепка, Қаратун және т.б. аудандарында шіркейлердің шығуы мүмкін негізгі арналары анықталды.

Айта кетейік, Ертіс өзенінің 4 нүктесінде 34 мың литр биологиялық препарат ағызылды.

Мөлдір Сағидолла