Успен ауданының прокурорлары халыққа тағы бір қадам жақындай түсті. Жергілікті шенділер кәсіпкерлермен тығыз жұмыс жасайды. Тіпті аудан орталығында қарапайым қарашаға арналған QR кодтар бар. Сол арқылы тұрғындары заң бұзушылықтар туралы хабарлай алады. Бұдан бөлек мәселелермен де шағымдануға мүмкіндік бар.

Қазір жаһандану заманы. Қоғамдағы түйткілді мәселелер де заман талабына сай шешім табуы шарт. Осы ретте Успен ауданының прокурорлары жаңа пайдалы ақпараттық сайт жасап шығарды. Жүйе QR коды арқылы жұмыс істейді. Аталмыш кодтар адамдар көп шоғырланатын ғимараттардың алдына орналастырылыпты. Осы арқылы кез-келген шағымданушыға шұғыл түрде көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстары да жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Бекбол Халмурзаев, Успен ауданының прокуроры:

Біз мына цифрлық технологиялардың арқасында арнайы QR код әзірледік. Бұл арнайы QR кодқа телефон камерасын бағыттаған кезде арнайы, пайдалы сайтқа түсуге болады. Пайдалы сайттың ішінде не бар? Бұл сайтта балалар құқықтарын қалай қорғау керек? Интернеттік алаяқтық бойынша қалай сақтану керек? Сосын коп сұрақтар кәсіпкерлер бізге сұрақ қояды ғой. Кәсіпкерлердің ең басты сұрақтарына жауаптар табуға болады. Заңгерлік кеңестер табуға болады.

Мәселен, Успен ауданының орталығында жаңадан нарық ашылған болатын. Бірақ, жергілікті атқарушы билік өкілдері сауда-саттыққа тыйым салған. Іске прокуратура қызметкерлері араласып нормативті құқықтық актіге өзгертулер енгізіп, кәсіпкерлердің құқығын қорғапты. Қазір бұл аумақта 8 павильон жұмыс істеп тұр.

Жалпы, Мемлекет басшысы құқықтық тергеу көрсеткендерге жазаны қатаңдату керектігін айтқан болатын. Аталмыш бағытта қарқынды жұмыс атқарылуда. Ол үшін Успен ауданында барлық жағдайлар жасалған.

Бекбол Халмурзаев, Успен ауданының прокуроры:

Біз осы жылы ғана 180-нен астам кәсіпкердің құқықтарын қорғадық. Кәспкерлерге, бизнеске 1,5 млн астам қаражат қайтарылды. Жергілікті саудагерлердің жүйелі мәселелерін шештік. Яғни бізде 8-ғана жерде сауда жасайтын орын қалған болатын. Соның біреуінде тек қана жаз мезгілінде сауда жасауға болатын жерді шектеу қойған болған. Смол шектеуді біз шешіп, және ол жерде қыста да күзде де және шыжыл уақытында сауда жасауға боладыв. Сондай шаралар қолданып жатырмыз қазір.

Ал, жоғарыда аталған құқықтық тергеудің алдын-алу жұмыстары туралы халықты ақпараттандыру мақсатында әкімшілік ғимаратында арнайы тақтайша ашылыпты. Аудандық полиция бөлімшесінде ашық түрде тергеуге арналған қосымша бейнебақылу камералары бар кабинет те бар. Осының арқасында Успен ауданында әзірге заң бұзушылық тіркелген жоқ.

Зұлқарнай Ермұратұлы, Евгения Мягченко