Қаһарман есімі қай уақытта болмаса да халық жүрегінде. Оның ерлігі еш уақытта ұмтылмайды. Бүгінгі бейбіт өмірде жан қиып, ерлік көрсеткендер аз емес. Солардың бірі Мейіржан Айманов болды. Павлодар қаласында Халық Қаһарманына арналған муралдың ашылу салнатаны өтті.

Мурал – сурет өнерінің айрықща саласының бірі. Бастысы адамарға жақын. Күнделікті көз алдарында. Павлодар қаласында осындай муралдардың тағы бірі халыққа ұсынылды. Онда халық қаһарманы Мей іржан Аймановтың ерлігі бейнеленген.

Мейіржан Айманов Жамбыл облысы Байзақ ауданының тумасы. Павлодар қаласында білім алған. Одан әрмен қарай Алматы және Санк-Петербург қалаларында өрт сөндіру мамандығы бойынша білілі мен білігін жетілдірген. Павлодар қаалсында оның жалынды жастық шағы өтті.

Муралдың ашылуына ат салысқандардың барлығы бұның болашақ ұрпаққа айрықша үліг екендігін айтады. Ерлікті насихаттау – парызымыз деп біледі.

Қуандық Тоқыбаев, ІІМ оқу орталығының бастығы:

Ол біздің түлегіміз. Оның есімін жастарға үліг ету мақсатында осы муралды ашуды жөн көрдік. Бұл кейінгі ұрпаққа рухани тәрбие.

Муралың лентасын салтанатты түрде қию рәсімі халық қаһарманының ұлы мен туған інісіне берілді.

Әрмен қарай жиналғандар гүл шоқтарын қойып, ерлік иесіне құрмет көрсетті.

Жанасыл Серікбол