Өңіріміздің оқушылары 6679 әскери бөліміне экскурсияға барды. Ер балалар мен бойжеткендер сарбаздардың күнделікті өмірімен танысып, олардың күнделікті әскери міндеттері қандай екенін білді. Олар жауынгерлік техникамен танысып, сарбаздардың қару-жарағымен танысып үлгерді.

Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың 99 жылдығына орай облыс оқушылары мен студенттеріне 6679 әскери бөлімде «Армия балалар көзімен» акциясына орайластыра экскурсия өткізілді. Өскелең ұрпаққа алғашқы сабақ, шеру алаңында сап түзеуден басталды. Бүл күнгі шараның маңыздылығы жастардың санасына патриоттық сананы ояту.

Сарбаздарға 200-ден астам жастар келді. Оларға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету бойынша тұрақты негізде әскери қызмет атқаратын жұмыстар туралы айтылды. Оларға жауынгерлік техниканың қалай жұмыс істейтіні және қолданылатындығы түсіндірді. Сондай-ақ, қызмет кезінде киілетін әскери киім-кешектер көрсетілді. Жастарды әскери қару жарақтардың сан түрлері қызықтырды. Сонымен қатар оқушыларға казармаға экскурсия жүргізіп, күн тәртібі мен тазалық ережелері түсіндірілді. Айта кетерлігі бір казармада 90-нан астам әскери қызметші тұрады. Экскурсиядан алған әсерлері жайында жастар ойларымен бөлісті.

Кейін жастар қазіргі сарбаздардан саптық дайындықтарының шеберліктерін көрді. Кездесудің соңында әскери ардагерлерінің орындауындағы концерттік бағдарлама болды.

Сағындық Оразалинов, Ермек Сапаров