Биыл наурыз айында қазақ тифлопедагогы Ақан Қасымовтың 95 жылдығы аталып өтті. Қазақша нүктені брайль шрифтіне енгізген ұстаздың рухына арнап облыстық арнайы кітапхана жанынан құрылған «Сәулем-ай» ансамблінің өнерпаздары мерекелік салтанат ұйымдастырды.
Ақан Қасымов, 1928-жылы Қанаш Қамзин ауылында дүниеге келген. Бала кезінде шешек ауруына шалдығып, қос жанарынан айырылады. Қазақша брайль әліппесінің, сондай-ақ классикалық музыка шығармашылығынан шабыт алған ол, 50 тарта әндер мен аспаптық шығармаларын жазған. Арнайы кітапхананың оқырмандары Ақан Қасымовтың 95 жылдық мерейтойына орай тау тұлғаның әндерін шырқады.
Айнұр Нұрқадырова, кітапханашы:
Луи Браил француз ғалымы зағип жандарға һәріпті енгізсе, қазақша әріптерді енгізген жерлесіміз Ақан Қасымов. Ол кісі туа біткен зағип емес, жүре келе ақауға байланысты зағип болды. Қазақша һәріптерді яғни қ, ө, ң сияқты әріптерді ойлап тапқан осы Ақан Қасымұлы болатын.
«Сәулем-ай» музыкалық ансамблінің іргетасы 2010 жылы қаланған. Ән ансамблі орындайтын туындылар баян үнімен сүйемелденеді. Музыкалық ұжымның репертуары лирикалық әндерден тұрады. Бұндағы өнерпаздар ерекше дарын иелері. Себебі қандай да бір әнді бірнеше дауысқа бөліп, нақышына келтіріп орындайды.
Жеңісгүл Садықова, «Сәулем-ай» ансамблінің әншісі:
Ақан Қасымовты мен білемін мектептен. Ол кісінің 95 жылдығы аталып отыр ғой. Біздің ансамбль сол кісінің құрметіне «біздің жыр» деген өлеңді айтты. Әнмен айналысу ұнайды маған. Кішкене гитара ойнаймын, ансамблге қатысамын. Кітапхана менің 2-ші үйім деп санаймын. Бүндағы қыздар жылы сөйлейді, жылы лебізбен қарайды бізге.
Кітапхана оқырмандары мәдени-қоғамдық шараларға да белсенді қатысады. Бүгінде кітап ордасына 2000 астам көз жанарынан айырылған жандар келеді. Оларға 70 мыңға жуық кітап ұсынылған.
Ақмаржан Қалымбек