Қалқаман ауылының тұрғындары асфальт-бетон зауытынан шығатын шаңнан зардап шегіп отырғандықтарын айтады. Әсіресе жел соққан кезде ауылды қою түтін басып, есік-терезге, көліктерге қонып қалатын көрінеді. Жергілікті әкімдік мәселеден хабардар болса да, қауқарсыз.
Осындай бейнежазбалар әлеуметтік желіде тараған еді. Өткен жазда Қалқаман тұрғындары кәсіпорыннан шығатын жағымсыз иіс пен түтінге шағымданған. Айтуларынша, бұл жағдайдың кесіреннен ауылда қарааайым тіршілік құру қиындап кетен. Кәсіпорын болса, еш шара қолданбайды дейді.
Анна Пономарёва, Қалқаман ауылының тұрғыны:
Тұрғындар уланып қалды деуге болады. Барлық шаң өкпеге қонатыны түсінікті ғой. Балалар емін-еркін ойнай алмай қалды. Терезені де аша алмаймыз. Арасында сүртіп, тазалап қоямыз.
Людмила Кондакова, Қалқаман ауылының тұрғыны:
Бұрын бақшадағы кез-келген жемісті теріп жей беретінбіз. Қазір ол мүмкін емес. Бәрі кірлеп кеткен. Терезені ашсаң жағымсыз иіс келеді.
Зауыт әктас өндіреді. Оны кейін асфальт өндірісінде қолданады. Тұрғындар осы кәсіпорынан қосымша шаң сүзгісін орнатуды талап етуде. Алайда, кәсіпорын тарапы барлық мәселегі біз кінәлі емеспіз дейді.
Серікхан Әлімжанов, «Каз Строй Материалы» ЖШС директоры:
Міне, біз қазір тұрмыз. Тынысыңыз тарылды ма? Жоқ, тарылмады. Мүмкін ол адамдардың денсаулығында кінәрат бар шығар. Оны білмеймін. Біз 12 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз.
Алайда, «жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды». Мәселенің бар екендігі жергілікті әкімдік те айтып отыр.
Нұрбұлан Мұсабеков, Қалқаман ауылының әкімі:
Кеше ғана экология департаментімен сөйлестік. Олар тексеру жүргізу үшін деректерді сұрап отыр. Енді сол тексеріс нәтижесін күтеміз.
Тұрғындар да тексеріс экологиялдық мәселені шешетіндігінен үмітті.
Жанасыл Серікбол, Евгения Мягченко